• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:22:41
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2015 Алаш-Орда

Бұған дейін де жеңдік, жеңе береміз де...

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

Тарихы терең қойнаулардан бастау алатын қазақ жұртының мемлекеттілігінің тарихы қазақтың тұңғыш хандары Керей мен Жәнібектің 1465 жылы «Қазақ хандығын» құруынан басталады. Бүгінгі таңда, яғни 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай еліміз ұлы салатанат құрып тойлағалы отыр. Бұл тойдың, бұл жеңістің елімізге оңай келмегені баршамызға аян. Қаншама қиын қыстауларды басынан өткерген, қандай қиындық болса да жарқын болашаққа сеніммен қараған қазақ елі қазіргі таңда мәңгілік салтанат құратын ұлы ел болып қала бермек.

Сөзсіз, ел боламыз десек, бесігімізді түзеуіміз керек. Тарихтың өткен оқиғалардан сабақ алып, олардың кемшіліктері мен қателіктерін қайталамауға, түзетуге үйрететіні белгілі. Сондықтан да, баршамыз қазақ елінің, хандығының, жерінің, тілінің, ділінің және салт-дәстүрінің қалай қалыптасқанын білгеніміз, жадымызда сақтағанымыз абзал. Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, еліміз көрген негізгі қызықтар мен шыжықтарға баға беріп, ертеңгі болашағымыз жөнінде сөз қозғасақ. Қазақ хандығы өз кезегінде өзге ортағасырлық хандықтар секілді шабуылдарға төтеп беріп, жаугершілік заманында құрыла бастаған. Қазақ елі жүзге, ру-тайпаларға, болыс-билерге бөлініп, мемлекеттік құрылымы, заңы(мәселен Тәуке ханның «Жеті Жарғысы»), жауынгерлері, территориясы, тілі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы бар хандық болған. Әрине, бұл хандық аспаннан «салбырап түскен» жоқ. Қазақ хандығы өзінің тарихын сонау ежелгі түркі, сақ, ғұн тайпаларынан алады. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби секілді текті бабалары бар қазақ хандығы өзінің тіршілігін, тәуелсіздігін барынша сақтауға тырысып отырған жауынгер халық болатын. Тағдырдың тәлкегінен жоңғар сынды халықтан қорғану мақсатында Ресейдің қол астына кірген еліміз тағы да қиын қыстауға тап болған.

1 (2)

Даланың алғашқы заңдары

«Елім-айлап» зарлатқан жоңғарлардан туған қауіп-қатер қазақ хандығының шырқын ғана бұзып қойған жоқ, елдің бөлшектеніп Ресей отарына айналуына алғышарт болды. Осы зар заманда қиыншылықтарды басынан кешкен халқымыз бұған да мойымай тек қана алға бет алып отырған. Бұл сұрапыл кезең үш жүздің бас қосып, тұтас ел екендерін, біріксе зор күш екендерін дәлелдеген кез. Мінекей, бұл шаралардың барлығы елдің басқару, мемлекеттілік секілді қасиеттерін ашып береді. Келесі бір қайғы, ол - Ресей империясының отарлау саясаты. Елімізді толықтай отарлаған патша үкіметі қазақ жұртының ертеңіне айтарлықтай үлкен қауіп төндірген. Патша саясатының әділетсіздігіне елімізде ұлт-азаттық көтерілістер жиі болып тұрған, тіпті, үш жүзді қамтыған Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс те баршылық. Қазіргі заманмен салыстырғанда, жан түршігерлік бұл көтерілістер шынында елдің болашағы үшін, жарқын өмір үшін жасалған қозғалыстар. Қайран қазағым бұл қайғыдан да мойынсымай өтіп, елдігін сақтап қала білді. Дегенмен, тәуелсіздік ала алмаса да, патшаның әділетсіздігінің әшкереленіп, империяның кейінірек құлауына алғышарттардың бірі болғаны белгілі.

1 (3)

Елім-ай

1917 жылы «Алашорда» идеясымен тарих сахнасына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді қазақтың ұлы ұлдары шығады. Бұл қазақтар үшін өте маңызды, қуанышты хабар болатын. Алайда, идеяның толық қанды жүзеге асуына жол берілмей қазағымның сүйегі қайта қайысты.

1 (4)

«Алаш» партиясының басшылары

Ол аз десеңіз қазақтың осы үш ұлы өзге дарынды қазақ жанашырларымен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары болып, ел тарихына таңба басылады. Елім, жерім деп жүрген қазақ азаматтары осы дүрбелең кезеңнің құрбанына айналады ... Әрине, жай ғана бір шығармамен бүкіл қазақ тарихы мен тарихи оқиғаларды, тұлғаларды қамту мүмкін емес. Дегенмен, еліміздің кеше ғана пайда болған мемелекет еместігін бір шығармамен мазмұндау әбден мүмкін. ... Елдің барлық аймағын қамтыған, орасан зор қиындық туғызған келесі бір қасірет − ашаршылық болатын. Ол 1921-1922 жылдардағы және 1930-1933 жылдардағы ашаршылық еді. Бірінші ашаршылық туралы санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр.

1 (5)

Ашаршылық

Бірақ, 1992 жылы екінші ашаршылыққа қатысты мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында былай деп жазды: «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни барлық Қазақ халқының 48 процентінен айрылды». Ашаршылықтан Қазақстанда қазақтардың үштен бірі ғана қалған болатын. Негізінен алғанда жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық зардабы өте ауыр болып, қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні саяси бүркемеленгенімен бұл ашаршылық «қызыл қырғын», «голощекиндік геноцид» деген тарихи атқа ие болды. Голощекиндік геноцидтің Қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында (пайыз есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы «қызыл кхмерлер» зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат XX ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Ашаршылықтан енді көз аша бастағанда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы да таяп келіп қалған болатын. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі еді. Елім, жерім деп жалындаған қаншама қазақ жастары осы соғыстың құрбаны болды, Біз бен Сізге жеңіс сыйлады.

1 (6)

Ұлы Отан соғысы

Бұл сұрапыл соғыстың нәтижесінде еліміз 600 000 астам адамынан айырылып, елімізге орасан зор кері ықпалын тигізді. Бұл қайғының соңы қаншама қайғы-қасірет алып келсе де, еліміз еңсесін түсірген жоқ. Тағы да болашаққа сеніммен қарап КСРО көлемінде индустрияландыру жылдарында белсенділік танытып, көптеген зауыт-фабрикалар ашыла бастады. Қандай жағдай болмасын, КСРО-ның бір республикасы болсақ та, тәуелсіздік алып тереземізді көрші елдермен теңестірмейінше, қазақтың арманы орындалмайтыны белгелі болған шығар сірә, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын сөз етпесек, ол да болмас. Шынында да, қазіргі тәуелсіз күніміз бен әлем таныған дербес мемлекеттік статусы бар Қазақстанның тәуелсіздігіне негізгі алғышарт осы оқиғадан бастау алған. Бұл оқиға барлық Қазақстан азаматтарына үлкен сабақ және тарихи оқиға болып қалуы тиіс.

1 (7)

Желтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы сол Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналуы, ата-бабалрымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалуы болып табылады. Бұған дейін де тәуелсіздік жолында, елеміздің болашағы жолында қаншама қиындықтарды жеңдік. Жеңе береміз де ... ... Қазіргі таңда еліміз тәуелсіз, демократиялық елге айналып, дамыған 50 елдің қатарына қосылып отыр. Болашаққа деген сеніміміз мол, жоспарларымыз баршылық. Дарынды елбасының көреген саясатының арқасында еліміз қазіргі таңда көптеген көрсеткіштер бойынша бұрынғы Кеңес Одағының елдерін асып түсіп, әлемдік аренада өзін нық орната білді. Болашақта, дәлірек айтсақ, 2050 жылға таман әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елінің қатарынан көрінуіміз қазіргі ұрпақтың негізгі мақсаты. Қазақстан тәуелсіздік алған соң бірталай жетістіктерге жетіп, әлемге түрлі діндер мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, әлемдегі ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қазақстан тамаша үлгіге айналып отыр. Бұл дегеніміз, еліміз тек қана өз мәселелері шеңберінде ғана емес, сонымен бірге адамзат баласына қатысты күрделі әрі маңызды ахуалдарға өзінің қолынан келгенінше ықпалын тигізуге тырысуда дегеніміз.

1 (8)

Тәуелсіз Қазақстан

Болашаққа тағы да көз жүгіртсек, қазақ халқының ертеңі жарқын болмақ. Олай демеске болмас, өйткені қазіргі таңда жасалынып жатқан істер, жоспарлар көпшілік. Азаматтарымыз білім деңгейі жағынан да өткен ғасырлармен салыстырғанда қайда жоғары тұр. Елімді дамытамын, өз ісімнің шебері боламын деген барша азаматтарға барлық жағдай жасалған. Тек қана ынта мен көп еңбек қажет ...

1 (9)

Қазақ елі − мәңгілік елі

Қазақ елі төрт мұхитты тербеген жер бесіктегі бірлік пен татулық, ынтымақтың алтын белгісіне айналуда. Еліміз шоқтығы биік мәңгілік ел болсын, ағайын! Қолға алған әр ісіміз бен басқан әр қадамымызға Алланың нұры жаусын! Лайым солай болғай!

Сайрамбай Еркебұлан Асқарұлы

demeu2

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір