• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:41:33
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

26 Сәуір, 2018 Кәсіпкер

Ақтөбелік жігіт Қадыровтан Кенесарының басын қайтаруға көмек сұрады (видео)

Жігіт Шешенстан президентінен Кенесары Қасымовтың сүйегін Қазақстанға қайтаруға көмек сұрады.

Ақтөбелік Ермек есімді жігіт Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа видеоүндеу жолдады.

«2016 жылы біздің қалада теракт болғанда алғашқы болып көмек қолын созған сіз болдыңыз. Біз мұны ұмытпаймыз», - деп сөзін бастаған жігіт Шешенстан президентінен Кенесары Қасымовтың бассүйегін Қазақстанға қайтаруға көмек сұрады. Видео YouTube желісіндегі Kavkaz News Chechnya арнасына жарияланды.

«Ресейдегі Санкт-Петербург мұражайында біздің ұлы бабамыз Кенесары Қасымовтың бассүйегі бар. 1837 жылы ол ұлт азаттық қозғалысын басқарды. Сіздің әкеңіз секілді ол да ұлтының қамы мен еркіндігі үшін күресті. Бірақ 1847 жылы оны сатып кетті. Оның басын шауып, орыс көсемінің қолына тапсырды», - деді жігіт.

Сонымен қатар жігіт президенттен Путинмен кездесерде осы өтінішті жеткізуін сұрады.  

«2016 жылы Дмитрий Медведев Кенесарының бассүйегін қайтару үшін тырысатынын айтқан, бірақ сөзінде тұрмады. Мен білемін, сіз сөздің адамысыз. Сол себепті Путинмен кездесіп жатсаңыз, Кенесарының сүйегін Қазақстанға қайтаруға өтініш айтсаңыз. Оның үстіне өзге адамның бассүйегін мұражайда сақтау дұрыс емес», - дейді ақтөбелік азамат.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір