• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:20:56
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2018 Аймақтар

Түркістанда Қазақстан математиктері жиналды

Түркістанда Ахмет Ясауи университетінде Қазақстан математиктерінің «Математиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады

Бүгін, Түркістанда Ахмет Ясауи университетінде Қазақстан математиктерінің «Математиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады.

27-28 сәуір күндері өтетін ғылыми шараға Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, ҚР ҰҒА-ның  академиктері,  корреспондент-мүшелері,  ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, докторанттар мен магистранттар қатысуда.

ОҚО

Конференцияның пленарлық мәжілісінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу» институтының Бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі А.С.Жұмаділдаев «Төртқара алгебрасы», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі М.Ө.Өтелбаев «Эйнштейн теориясының проблемалары», ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу» институтының Бас директоры,  ҚР ҰҒА академигі Т.Ш.Кальменов «Априорные оценки решений уравнений Навье-Стокса методом подвижных координат»,  Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің «Іргелі математика» кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі О.Р.Ойнарұлы «Весовое неравенство и свойства одного класса дифференциальных уравнений»,  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогикалық білімді дамыту орталығының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Е.Абылқасымова    «Совершенствование методико-математической подготовки будущего учителя в условиях реализации обновленного содержания школьного образования»  тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, осы есімдері аталған ғалымдар және ҚР ҰҒА академигі, Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры С.Н.Харин, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Б.Қ.Қадырұлы құттықтау сөз сөйлеп, конференцияны ұйымдастырушыларға, оқу орда басшыларына алғыстарын білдірді.

ОҚО

Конференцияда 6 секция жұмыс жасауда: Дифференциалдық теңдеулер; Математикалық физика теңдеулері; Функциялар теориясы және функционалдық талдау; Алгебра, математикалық логика және геометрия; Математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық     технологиялар; Қазіргі заманғы математикалық білімнің өзекті мәселелері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір