• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 15:24:14
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

03 Мамыр, 2018 Аймақтар

Ж.Әбдімәлік ерлер арасындағы гроссмейстер нормасын қашан орындайтынын айтты

Алматылық Жансая Әбдімәлік былтыр қарашада 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Бүгінде ол 3 норманы орындады

Бүгін Шахмат академиясында өткен баспасөз мәслихаты барысында жас шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы гроссмейстер нормасын қашан орындайтынын айтты.

Алматылық Жансая Әбдімәлік былтыр қарашада 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Бүгінде ол 3 норманы орындады.

2011 жылы - әйелдер арасындағы халықаралық шебер  атағын, 2014 жылы - әйелдер арасындағы гроссмейстер, 2017 жылы - әйелдер арасындағы халықаралық шебер атағын жеңіп алды.

Бүгінде 18-ге енді келген шахматшы бойжеткен ерлер арасындағы гроссмейстер нормасын орындауға ниеттеніп отыр.

«Рейтингте 2 500 пунктіне жетуім керек. Қазір менің рейтингім 2 484 болып тұр. 16 пункттен өтсем болды, ресми түрде атақ ұсынылатын болады. Жақында Испанияға ұшатын боламын. Турнирде әлемдегі ең күшті спортшылармен бақ сынасамын. Қалған пункттерді сол жақта жинап келу ойымда бар», - деді Ж.Әбдімәлік.

Әлемде бұл нәтижеге 18 немесе одан жас кезінде 4 спортшы қыз жеткен. қытайлық Хо Фань, үндістандық Хампи Конеру 15 жастарында норманы орындаған. Ал, мажар қызы Юдит Полгар - 16 жасында, ресейлік Екатерина Лагно 18 жастарында жетті.

Жолы болса Жансая Әбдімәлік жас кезінде ерлер гроссмейстерін орындаған әлемдегі бесінші ару болмақ.

Айта кету керек, көбіне әлем чемпионы атағын алған қыздар бұл атаққа 20-25 жастарында қол жеткізген.

«Биыл қыркүйеккте ФИДЕ Ассамблеясының отырысына дейін қазақтың қызы Жансая Әбдімәлік Орталық Азиядағы ерлер арасындағы гроссмейстер атағын жеңіп алған тұңғыш қыз боларына сенімдімін», - деді Қазақстан Шахмет федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Бүгінде Жансая уақытын спортпен айналысуға көбірек арнап жүр.

«Таңертең бассейнге барамын. Шахматшылар үшін физикалық дайындық өте маңызды. Себебі, тапжылмай 2-2,5 сағат отыру үшін үлкен төзім керек. Содан соң академиядағы бапкерлеріммен жаттығу партияларын жасаймын. Түскі астан соң украиналық бапкеріммен скайп арқылы жаттығамын. Басқа нәрселерге уақытым мүлде жоқ»,- деді Жансая Әбдімәлік.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір