• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 10:53:13
Кекілбаевқа арналған кеш

18 Маусым, 2018 Ұлы көш

Қытайда қалған әкесін 8 ай көрмеген балалар Елбасыдан жәрдем сұрайды

Әкесі мен ағасынан тірідей айрылып, аналарын жер қойынына тапсырған қос бүлдіршін Елбасынан, ҚР СІМ-нен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұрайды.

Аналарын жер қойнына тапсырып, әкесі мен бауырынан тірідей көз жазып қалған балалар Елбасыдан жәрдем сұрайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қытайдағы қандастарымыздың мәселесіне жіті назар аударып жүрген Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Әли Сылқымбайұлы сегіз ай бұрын қарт әке-шешесін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылына көшіріп әкеліп, 20 жастағы ұлымен көші-қон мәселесін аяқтау үшін Қытайға қайта кеткен. Содан қайта оралмаған.

қандастар мәселесі

Сәуле Әбілдаханқызының айтуынша екеуінің де құжатын Қытай билігі тартып алған. Өздігінен жүріп тұра алмайтын қос қарияны сегіз айдан бері келіні Керімхан Намазханқызы бағып қалған. Ал, бүгін құсадан қайғы жұтқан келіншек ойда жоқта көз жұмды. Артында 16 жастағы Қайрат есімді ұлы, 13 жастағы Бүлдіршін есімді 13 қызы қалды.

«Ең қиыны және өкініштісі - бұл кісілердің ешқайсысы Қазақстан азаматтығын алып үлгермеген. Біздің бюрократтар отырғанда бір жылда азаматтық алу мүмкін де емес. Тіпті, ықтияр хаттың өзін екі жылдап ала алмай жүретіндер бар...
Одан да ауыры - кіші ұлдың қытайлық паспорт мерзімі бітіп кеткен. Ол әкесі жанында болмаса, өздігінен құжат жасай алмайды...
Ал қыздың жеке ықтияр хаты жоқ, бүгін қайтыс болған анасының құжатына тіркелген”,-дейді Шелек ауылына арнайы барған Сәуле Әбединова.

Сәуле Әбілдаханқызының сөзінше ел үкіметі кәмелетке толмаған балаларды тек ата-анасының құжатына тіркейді.  Қапияда келінінен айрылып, ұлы мен үлкен немересіне тірідей жете алмай, қайғыдан қан жұтып отырған Сылқымбай қария мен жары Шәкен Кәсенқызының құжатсыз қалған немерелерінің жағдайын ойлап алаңдайды. Қарт кісілердің құжат жасатып, табанынан таусылып жүруге денсаулықтары мүлде жарамайды.

«Біздің құдай бере салған өкімет кәмелетке толмаған балаларды ата-анасының құжатына тіркегені дұрыс шығар, бірақ өздеріне де жеке-жеке бір жапырақ қағаз берсе болмай ма? Жаман айтпай, жақсы жоқ демекші, мынадай жағдайда (ата-анасынан айырылған жағдайда) онсыз да қан жұтып отырғанда, онсыз да азаматтық ала алмай сарылып күтіп жүргенде, құжат мерзімі деген мәселе т.б. қағазстандық проблемалар шаш етектен болған қоғамда мәселе онан сайын күрделенбес үшін ықтиярхатты үлкен-кішіге бірдей жеке-жеке жазып беру қиын ба?», - деп ашынады қоғам белсендісі.

Қандастарымыздың бір жапырақ ыхтияр хат алу үшін ай арылтып, жылдар санап, қағазбастылықтың құрбаны болып жүргені жасырын емес. Әкесі мен бауырынан тірідей айырылып, анасын қара жер қойнына тапсырған қос бүлдіршін Елбасыдан, ҚР СІМ-нен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұрайды.

"Енді бұл екі бала Қытай азаматы ретінде арғы беттің адамы да, қазақ баласы ретінде біздің баламыз. Осы елде оқимын, өсіп-өнемін деп армандап, қазақстандық келешегінің кемел екеніне сеніп келген жаутаңкөздер...", - дейді Сәуле Әбілдаханқызы.

қандастар мәселесі

Естеріңізге салсақ, Qamshy.kz ақпарат агенттігі осыған дейін Қытайдағы қандастарымыздың мәселелері бойынша құзырлы органдарға сауал жолдап, болған жағдайлардың мән-жайын оқырман назарына ұсынып келді. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір