• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Шілде, 10:21:16
Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

19 Маусым, 2018 NEWS

Швейцария Гүлнәр Кәрімованың 700 млн долларын Ташкентке қайтарғысы келеді

Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы адвокаты Грегоир Мангет бұл шешімді заң бұзушылық деп атаған.

"Озодликқа" Гүлнәр Кәрімованың Швейцария банкінде бұғаттаулы 800 млн швейцар франкін Ташкентке қайтаруы мүмкіндігі шешіліп жатқаны жөнінде мақала жарияланғаннан кейін, бірқатар швейцар басылымдарында ақпаратты растайтын материал жарық көрді.

Жергілікті NZZ газетінің 16 маусымда жарияланған «Көлеңкелі ақшаны заңдастыру: Өзбекстанға арналған миллион» деген мақалада Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі болған банкте бұғаттаулы 800 млн франктің 686,7 миллионын тез арада Ташкентке қайтару жөнінде прокуратура шешімі шыққаны жазылған.

Швейцария прокуратурасының ордерінде Гүлнәр Кәрімованың аты-жөні айтылмаған. Құжатта тек Гүлнәр Кәрімованың бұрынғы күйеуіне және жақын әріптесіне тиесілі ақшаны қайтару жөнінде жазылған.

Бірақ жоғарыдағы екі адамның аты-жөні толық ашылмайды. Алайда олардың Каримованың бұрынғы азаматтық күйеуі Рустам Мадумаров пен Гүлнәрдың жеке көмекшісі Гаяне Авакян екенін анық. Гүлнәр Кәрімованың бизнес-империясындағы маңыздың адамдар болып келген екеуі де қазір өзбек сотының шешіміміен 14-13 жылға сотталып, Өзбекстанда жазаларын өтеп жатыр.

Швейцария ордерінде Рустам Мадумаров пен Гаяне Авакян өздеріне тағылған барлық айыптар бойынша кінәларын мойындаған. Олар банкте бұғаттаулы ақшаларын өзбек билігіне қайтаруды сұраған.

Швейцария прокуратурасы тергеудің жауаптарына сеніп, Өзбекстанға тез арада Женева мен Цюрих банктерінде жатқан Рустам Мадумаров пен Гаяне Авакянның есепшотындағы 866.7 млн франкты (700 млн АҚШ доллары) қайтару жөнінде шешім шығарған.

Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы адвокаты Грегоир Мангет бұл шешімді заң бұзушылық деп атаған. Ол мұндай шешімді тек сот шығару керек деп есептейді. Мұнан бөлек адвокат өзбек түрмесінде жатқан Мадумаров пен Авакянның өз еріктерімен өтініш бергеніне күмән келтіреді.

Адвокат швейцар журналистеріне 25-26 сәуірде Гүлнәр Кәрімовамен кездескенін, оның өзіне тағылған айыптарды жоққа шығаратынын және бұрынғы әріптестерін азаптау арқылы өзбек билігі тиімді жауап алған деп есептейтінін мәлімдеген.

ca-news.org

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір