• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:00:58
Алматы
+35°

Түрік еліне тамаша саяxат!

Антальяға барсаңыз, Calistaға тоқтаңыз. CIP компаниясын таңдаңыз!

 

Тамаша туризм! Керемет қонақжайлық! Жоғары сапа! Ерекше демалыс! Түркияның Белек курорттық қалашығында орналасқан "Калиста" қонақ үйіне барған бірнеше қазақстандық қонақ,  елге осындай көңіл күймен оралды. Жыл өткен сайын қазақстандық туристер жиі баратын Түркияның Анталья туристер қаласы - қазақстандық кезекті қонақтарын тағы да ерекше қошеметпен қарсы алды.

Кез-келген қонақты әуежайдан гүл шоқтарымен күтіп алып, жоғары деңгейдегі қызмет көрсететін CIP Travel компаниясының негізін қалаушы – Қазақстанның азаматы. Сондықтан да болар, қазақтардың қонақжайлығын шетелде де қаз-қалпында көрсете алатын ілтипаты ерекше бұл компания туралы толыққанды ақпаратты сәл кейінірек айтайық. 

Түріктің курортты қаласы Антальяның Белегінде орналасқан Calista Luxury Resort - жасыл желек жамылған, қонақ үй аумағына теңізі де  тиіп  тұрған әдемі демалыс орны. Әрі әдемілігі табиғатынан ажырамаған, яғни әлемнің мықты дизайнерлері биік теректері мен жасыл желектерін сақтай отырып, Белектің әдемі табиғатын сақтай отырып, керемет дизайнын жасап шығарған.

АЛИ КЫЗЫЛДАГ, "Calista" отелінің Бас менеджері:

– Калиста - ерекше жоба. Оның динайнын жасау үшін, әлемдегі ең мықты дизайнер шақыртылған. Қонақтардың өз үйінде жүргендей сезінуі үшін де барлық жағдай жасалған.

Сол себепті шығар, 133  сыннан  өтіп, "Жасыл жұлдыз" мәртебесін жеңіп алған бірлі-жарым қонақ үйдің бірі бүгінде. Қала орталығынан небәрі 35 шақырым жердегі "Калистаға" келушілер жыл өткен сайын көбейіп келеді.

Калистаға қонақтың көп келуінің де себебі көп. Соның бірі -  2007 жылы ашылған қонақ үй кешені ашыла салғаннан бергі  "әр туристің көңілін тауып, бар жағдайын жасауға жүгіріп тұратын қызметін" өзгерткен емес. Керісінше, жыл санап қонағы көбейген сайын, қонақ үй қызметкерлері  олардың қызығушылығымен барынша танысып, әр талабын, өтініш орындауға асығады. Әсіресе, соңғы жылдары мұнда жиі келетін қазақстандық қонақтар үшін, құшағымыз айқара ашық дейді, - отель басшыларының бірі.

АЛИ КЫЗЫЛДАГ, "Calista" отелінің Бас менеджері:

 – 2016 жылы Түркия еліне 200 мыңдай Қазақстаннан  турист келсе, осы жылы жарты миллионнан астам қазақстандық қонақтарды күтуге әзір отырмыз. Әрине, біз ғана емес, жалпы Түркия еліне келетін қазақстандық қонақтардың саны жыл санап көбейіп келеді. Біз бұл үшін өте қуаныштымыз!

Айта кету керек, Calista - тарихын туризмге айналдырған, сондай-ақ, ұлттық тағамдарының өзін әлемнің әр азаматы тамсанып айтып жүретін туристік  елдегі өзінің жеке микробиологиялық зертханасы бар тұңғыш қонақ үй. Яғни, ультра all  инклюзив тәртібінде тамақтандыратын демалыс орнының қонақтары - тамақ сапасының жүз пайыз жоғары екендігіне сенімді. Өйткені, күн сайын қонағына ұсынылатын тамақтан арнайы сынама алып, өз зертханасында талдау жасайды екен.

АЛИ КЫЗЫЛДАГ, "Calista" отелінің Бас менеджері:

– Біздің қонақ үйімізде лаборотория жұмыс істейді. Онда тамақ өнімдеріне арнайы микробиологиялық  талдау жасалады.  Бұл тұрғыда  халықаралық деңгейдегі  бірнеше сапа сертификаты бар екенін айтуға болады. 

Ал мұндағы бассейндердің суы бұлақтың суындай мөп-мөлдір, тап-таза.  Өйткені күн сайын кешкі мезгілде  бассейндер хлорсыз, химикатсыз тазаланып тұрады. Яғни,  сегіз хауыз да химикатпен емес, ионизация кешені арқылы   тазаланып,  адам денесіне зиянын тигізбейді деген сөз. 

Калистаны шағын қалашық деуге де болады. Өйткені оның тұтас аумағымен танысып шығуыңызға бір күн де жетпейді. балалар үшін де, спорттың сан түрімен айналысатын спортшылар үшін де мұнда барлық жағдай жасалған. Иога, пилатес, медитация, велоспорт, скандинавиялық жүріс,  кикбокс, кроссфит, тіпті, бассейндерінің кейбірі кәсіби жүзушілердің демалыс кезінде спортынан қол үзбеуі үшін, мүмкіндік жасап қойған.

Отель нөмірлері де өте әдемі. Әр нөмірінде қонақтардың  демалуы үшін жағдай жасалған. Джакузилі мына нөмірлерде бірқатар ел президенттері тоқтаған екен. Ал, негізгі қонақ үй кешенінен аулақта орналасқан виллаларының әдемілігі де алыстан мен мұндалап тұр. Таңертең құстардың әдемі сайраған үнімен оятатын, тамаша табиғат аясында орналасқан бұл виллаларда қонақтар үшін өз қызметкерлері қызмет көрсетеді.  

Қазақстандық қонағын құшақ жайып қарсы алатынын айтып, түрік еліне шақырып тұрған бұл кісі СИП травел компаниясының вице президенті. Күтіп алатын қонағына әуежайдың алдында-ақ керемет күй сыйлайтын СИП компаниясының құрылғанына биыл он жыл толды. Қазақтың қонақжай қасиетін өзіндей түсінетін компания басшылары Қазақстанның тумасы. Сол себепті де қазақтың қонақжайлық қасиетінің кереметін  түрік еліндегі жұмыстарына енгізе отырып,  жалғастыруда. Тіпті, қазақстандық қонағы бешбармақ жегісі келсе де, күн демей, түн демей,  тауып келе қоятын пысық жігіттер жұмыс істейді мұнда.

ЕСКЕНДІР ТАЙФУР, CIP Service компаниясының вице-президенті:

– Туристерді күтіп алу мәселесіне келгенде, СИП (Си ай пи) компаниясы Анталья қаласындағы ерекше қонақжай компаниялардың бірі. Біз үнемі қонақтарымызды әуежайдың алдында гүлмен  қарсы алып, жігіттеріміз қонақтардың сөмкесін бірден қолдарынан алып, жүгіріп жүрсек, енді бұл құрметті шығарып салған кезде де ерекше көрсетуді қолға алдық. Яғни турист әуежайға барған кезде де жол сөмкесін өзі көтеріп жүрмейді. Паспортты тексеру аумағына дейін әр қонағымызды құрметпен шығарып саламыз.

SIP – ТМД елдеріндегі туризм нарығында туроператорлармен тығыз байланыста жұмыс істейтін №1 компания.

Ашылған жылы небәрі 500 қонаққа  жоғары класты қызмет көрсетсе, қазіргі күні осындай қызметін  сан мыңдаған қонаққа көрсетіп үлгерген. Түркияға баратын  VIP-қонақтардың барлық еркелігін көтеретін СИП компаниясының қызметкерлері қонақты күтіп алу-шығарып салу қызметтерінен өзге, қонақ үйге орналастыру, яхтада серуендеу, саяхат бағдарламасын жасау, гид  сынды түрлі қызмет түрлерін тек жоғары санатта ұсынатын Түркиядағы ең мықты компаниялардың бірі. 

ЕСКЕНДІР ТАЙФУР, CIP Service компаниясының вице-президенті:

– Си ай пи биылғы жылы қонақтарымыз үшін, көліктерді де жаңалады. Автопаркімізді тұтастай жаңаладық десек те болады. Өйткені, қонақтарды күтіп алып, шығарып салуға арналған барлық көліктер 2018 жылғы. Дизайны да Ви ай Пи стилінде. Талабы жоғары қонақтарымызды күтіп алуды бастап та кеттік. Келіңіздер, ерекше құрметпен қарсы аламыз!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір