• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:21:55
Алматы
+35°

09 Шілде, 2018 Әлеумет

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Қытайдағы туысы түрмеде отыр (видео)

Ұлым Астанаға барып та сізбен байланыс жасай алмады,сондықтан осы видео үндеу жолдау арқылы сізбен байланысқа шығармыз деген үміттемін.

Atajurtjastar.com редакциясына Жұмадан Жарқынбекұлы деген азамат xабарласып, өзінің мұң мұқтажын айтып, сұқбат беріпті. Qamshy ақпарат агенттігі Қытайдағы қазақтар мәселесіне алаңдай отырып, қандастарымыздың өтінішін оқырман назарына ұсынып отыр.

«Мен Жарқынбек Жұмадан Қазақстан азаматымын, 2014 жылдың наурызында тариxи Отаныма оралып, 2016 жылы қыркүйекте Қазақстан азаматы атандым. Менің әкем Қасымбай Қарқынбек Қытай азаматы, Қытай паспортындағы визасының мерзімі бітуіне байланысты қайта виза аштырғалы 2017 жылы мамырда Қытайға қайтқан. Содан 2017 жылдың маусымында әкемді Шыңжаң Буратала қалалық сақшылары тұтқындағанын естідік, ал әкем болса зиялы қауым өкілі, зейнеткер, тұтқындаудан бұрын ешқандай заң-ережелерге қайшылық жасап, қылмыс өткізбеген еді, содан бері 1 жылдан астам ауқыт өтті. Әкемнің тек саяси үйрену орталығы деген канцлагерьде отырғанын ғана білеміз, одан басқа ешқандай сенімді хабар ала алмай отырмыз». 


«Мен Қазақстан азаматы Нұрақай Тұрсынгүл,2017 жылдың қаңтарында ата жұртыма оралдым.
Қазақта «Жан қысылса жақынын табады» деген аталы сөз бар, құрметті Мұxтар Абрарұлы Құл-Мұxаммед мырза! Сіздің кіші шешеңіз Қалиқан Жатқанбайқызы мен менің жолдасым Жарқынбектің шешесі Орынқан Жатқанбайқызы екеуі бір туған әпкелі-сіңілі кісілер, бұдан бұрын сізбен байланысқа шықпақшы болып телефон нөміріңізді іздестіріп таба алмадық. Ұлым Астанаға барып та сізбен байланыс жасай алмады,сондықтан осы видео үндеу жолдау арқылы сізбен байланысқа шығармыз деген үміттемін. Ең соңында менің сізден өтінерім, жазықсыз абақтыға қамалған жолдасым Жарқынбектің Қытай түрмесінен босатылып шығып, ата жұрты Қазақстанға ертерек оралып, отбасы, бала-шағасымен қауышуына көмектесуіңізді сұраймын».

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір