• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:35:05
Алматы
+35°

18 Шілде, 2018 Әлеумет

80-дегі кемпірді зорлайтындай еркек кіндіктілерге не болған?

Әлеуметтік желі «Шымкент облысында 80 жастағы кемпірді зорлап кеткен» деген видео тарап жатыр.

Әлеуметтік желі «Шымкент облысында 80 жастағы кемпірді зорлап кеткен» деген видео тарап жатыр. Бұл жергілікті арнаның тілшісі дайындаған сюжет болса керек. Ол жерде Маржан Абылаева деген азаматша сұмдық оқиғаны былайша әңгімелеп береді: «3 адам куәгер болса, шындық болады дейді. Әділдіктің қайда екенін мен білмеймін. Осындай жағдайға жетіп отыр менің шешем. Есіктің алдына шыққан шешемді қылқындырып ала жөнеледі. Түн болғасын бір іш көйлекпен жатқан. Сол киіммен шығып кеткен. Аяғында кебіс болған. «Құтқарыңдар» деп айғайлаған, бірақ ешкім естімеген. Арыққа апарғанда су болмаған. Сосын «сенің масқараңды шығарамын» деп егістікке алып кеткен. Егістікке сүйреп әкетіп, сорақы жағдайға душар етеді» деп шындықты айтады. Тілшінің айтуы бойынша, кейуанаға қайын ағасының баласы тап берген. Ауылдағы егістікке шығарып, ойына келгенін жасаған. Аудандық ІІБ-нан әділдік таппаған анасы мен қызы жергілікті «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрауда.

Бұл видео ескі ме, жаңа ма, ол жағы әзірге белгісіз. Мәселе оның қашан шыққандығы да емес. Қынжылтатыны – екі күннің бірінде бала жоғалады, бала зорланады. Жүректі ауыртатын, көңіл-хошты түсіретін жағымсыз жаңалықтардан көз аша алмай қалдық. Гуглдың іздеу жүйесінің көмегіне сүйенсек, Ақтөбеде, Павлодарда, Талдықорғанда 80 жасқан кемпірді зорлады деген ақпарат толып жүр.

Психолог Төреғали Батырхан Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында былай дейді: «Ауруын жасырған өледі» дейді. Журналистер, БАҚ жағымсыз жаңалық болса да беруге міндетті. Себебі ақпараттың бәрі адамның сақтануы үшін жұмыс жасайды. Бірақ жиіркеніп, сынаудың орнына еліктеп, керісінше қабылдайтындар да табылады. Соңғы кезде жағымсыз жаңалықтың көбеюі «ешнәрсе көрмеймін деп көзін байлап, ешнәрсе естімеймін деп құлағын бітеп тастаған қазақстандық қоғамдың қаншалықты дертті, қаншалықты жабық екендігін көреміз. Ешкім ешкімге керек емес. Тұрақты баспанасы, тұрақты жұмысы, тұрақты айлығы жоқ адам өмірге бейжай қарай бастайды. Ыза мен реніштің сыртқа шықпау салдарынан (бастығына айтудан қорқады, досына айтудан ұялады дегендей) іші негатив тау-тау болып жиналады. Төбелес басталса пышақты суырып алып пышақтасуға дайын тұрады. Керек болса өлуге де даяр. Оны себебі ешнәрсе ұстап тұрған жоқ. "Ал, маған не істейсің?" деп кеуде кереді. Қоғамның жабық өмір сүруінен қылмыс көбеюде. Еуропа мұның бәрін бастан өткізген. Сондықтан да олар қателікті түзеп, ашық қоғам саясатын таңдап отыр. Бізге де таңдау жасау қажет-ақ». 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір