• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:40:12
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 NEWS

Астана мүмкіндіктер мекені

«Қазақ үні» газетінің бас директоры Қазыбек Исамен Астананың 20 жылдығына орай кездесу өтті

Алматы қаласындағы №6 кітапханада ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қазақ үні» газетінің бас директоры Қазыбек Исамен Астананың 20 жылдығына орай кездесу өтті. Аталмыш шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Қазыбек Иса Астананы көшіру жайындағы шешімнің дұрыстығын алға тартты. Өйткені бұл сол уақыттағы тілімізді, дінімізді сақтап қалудың бір жолы болғанын еске салды. Сондай-ақ, «Мен ұлттық патриотизм жолында қызмет жасап жүрген азаматпын. Осы тақырыпқа байланысты барлық шешімді қос қолдап қолдаймын. Астананы Алатаудан арқаға ауыстыру маңызды әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс еді. Орыстанған ұлтымызды қазақыландыруды көздедік. Бүгінде өз нәтижесін көрсетті. Міне сол 20 жыл бұрынғы қалауымыз орындалып, егеменді елдің ұрпағына айналдық. Ана тіліміздің де бағасы көтеріліп, қадірі артып келеді. Өз тілімізде сөйлейтіндер көбейді. Тіпті кез-келген мекемеге барып қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап ете аламыз. Бұның барлығы біздің жеткен жетістігіміз деуге болады» - деді.
Сонымен қатар, Астана барлық мәдени, әдеби, ғылыми, саяси мекемелердің ошағына айналып үлгергендігін тілге тиек етті. Арқа төсіне тек халықты емес, үлкен ғимараттар мен басты корпустарды орналастырғандығы жайында ой қозғады. Ақын «Негізгі жүйе, маңызды шешімдер Елордада қабылданады. Аз уақыт ішіндегі Астананы ауыз толтырып айтуға болады. Ал алдағы дамуымыз бұдан да қарқынды боларына күмәнім жоқ»- деп жігерлене, үлкен сеніммен сөйледі.
Кездесуге келген студент жастар Астана жайындағы өлеңдерін оқыды. Ал сұраққа дұрыс жауап бергендерге кітаптар сыйға берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір