• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:16:20
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2015 Айтты-ей, бауырың!

АДАМДАР НЕГЕ БАЙ - КЕДЕЙ?

«Байлық – мұрат емес, Кедейлік – ұят емес».(Халық мақалы.) Осы мақал қанша дұрыс? Біздің халықта “Бай болсам” деп дауыстап айту бір ұят нәрсе саналады. 80...

«Байлық – мұрат емес, Кедейлік – ұят емес».(Халық мақалы.) Осы мақал қанша дұрыс? Біздің халықта “Бай болсам” деп дауыстап айту бір ұят нәрсе саналады. 80 - жыл СССР болып тұрғанда санамызға әбден сіңіп қалған болу керек. Кедейлікпен мақтанып үйретті. “Атамыз сіңірі шыққан пролетариат болған, кедей таптың баласымын” дегенді мақтанмен айтатын едік. 1994 жылдары Кеңес құлай салған соң мен цех бастығы болып жүрген лауазымды жұмысымды тастап, 8 жыл тосқан квартираға өшіретімді “құрбандыққа” шалып, кәсіпке кетіп қалдым. Сол кезде мен қатарлы 30 дың маңайындағы біраз жігіттер тәуекелге бел буды да, айналасы 2-3 жылдың ішінде заводтар мен фабрикалардың иесі болып шыға келдік. Бастапқы капитал, менеджмент, маркетинг, экономика, логистика, финансы, учет деген нәрселерді естіп те, оқып та көрмеген екенбіз. Бізде бір ақ нәрсе болды: Осы өмір шанс берген екен, оны қолданып қалу деген түйсік және жалдамалы жұмыстан кетіп, еркіндікке шығу. Мен шалғайдағы ауылдағы, Қазақ мектебін бітірген, қарапайым от басынан шыққан жігіт едім. Ал басқа менен көп есе талантты, білімді замандастарым сол жалдамалы жал ақыға қарап отырып қалды. Олар есінен танған адамдай не болып, не қойғанын ұқпай қалды. Құдайға шүкір әлемді шарладық, талай адамдармен таныс болдық, талай шаруаның басын шалдық. Ақан ағай деген мұғалімім кейін айтады: “Ақай сен молодец, сол кезде қорықпай осындай қадамға бардың, бір қорқақпыз” дейді. Мен “ Ой, ағай ол кез деген біздің дер шағымызға келді ғой, 30 дан жаңа астық, әлі бала, шаға деп қайғыра қоятын, қорқа қоятын жасқа жетпедік, содан тәуекелге бел будық” деп. Ақан аға басқа класстастарыма қарап “Неге мыналар да сол кезде 30 да болды, қалып қойды да, сен ғана қорықпай қойып кеттің” дейді. Мен ойланып қалдым. Нұрсила атам болыс, бай болып 1928 жылы кәмпескеден, Советтің құрығынан Қытай өтіп кеткен екен. Әкей марқұм да Советтің “жүген, қамытын” кимей өскен, сондықтан да бізде қорқыныш, қамыт киіп жүре берейін, басым аман болса екен деген түсінің тегімізде (генамызда) болмаса керек. Қазіргі кезде сол бізге берілген сәт (Шанс) келіп тұр, түсінген, білген адамға. 20-25 жастағы жап жас жігіттер керемет, керемет дүниелер жасап жатыр! Әсіресе көрші Ресейде. Қазақстанда көбіне орыстар және орыс тілді қазақтар заманауи әдістерді меңгеріп, ай санап байып жатыр! Бірақ бұл сәттілік те, кез келген сәттілік сияқты ұзақ тұрмақ емес, уақыты келгенде ұстап қалмасаң, артынан “Әттеген ай” дейсің де қаласың. Дәл қазір сол шанс көл көсір! Ресейдің мықты, мықты жастары бізге келіп жатыр, кіріп жатыр, ақшаны күреп әкетіп жатыр! Менің арманым соны Қазақ жастарына көрсетіп, көзін ашу! Бірінші Тренинг сабағын тегін өткіземін, залдың ақысын өзім төлеймін, тым болмаса 3 сағат уақытыңызды тауып келіп тыңдап кетіңіз: Дұрыс деп тапсаңыз кәдеңізге жараса мақтап, Қате деп тапсаңыз боқтап кетерсіз азар болса. Бірақ халықты да түсінуге болады, небір лохотрондардан кейінге кезде запы болып қалған ау. Біразының айтатындары “ Сетевой марктинг пе?”, “Лапша ғой мынау!” “ Не деген батпан құйрық” тағысын тағы))) Енді біраз адамдар: шыбынның ызыңы, желдің соққаны сияқты көреді. “Мына кісі не шатып жүр, елді жарылқамай, өзі байып алмайды ма” дейді. Енді біразы : “Қашан болады, қай жерде болады, самолетке билет алайын деп едім” деп басқа қаладан да келмекші! Осы топ түбі өмірде бай болатынына мен неге екенін сенемін)) Айтарым: «Тегін сыр тек тышқан аулайтын қақпанда ғана болады.» Келесі тренингтер ақылы және ақысы сапасына қарай қомақты болып өсе береді. Түсінікпен қарайсыздар деп ойлаймын.  

(Ахметбек Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасынан)
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір