• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:09:23
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2018 NEWS

Казинода $ 1 200 000 күлін көкке ұшырған біздің шенді ме? (видео)

Атырау облысы ІІД басшысы Аян Дүйсембаевтың басы дауға қалды.

Атырау облысы ІІД басшысы Аян Дүйсембаевтың басы дауға қалуы мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Атырау облысы ІІД басшысының 1 200 000 долларынан 3 сағатта айырылған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл видео 2014 жылы түсірілген. Алайда казинодағы Аян Дүйсембаев екені туралы нақты ақпарат жоқ. 2014 жылы Аян Дүйсембаев Атырау облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы видеоны Бақытжан Көпбаев пен танымал заңгер Айгүл Орынбек фейсбук желісіне жариялады. Олардың айтуынша бұл жайт Минск қаласында болған.

Бұл жайт бойынша Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Атырау облыстық ІІД сайтында көрсетілген байланыс телефондарына хабарласты. Алайда бірден жауап ала алмадық. Атырау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары Қамза Бақтығалиұлының хатшысынан Аян Дүйсембаевтың еңбек демалысында екенін білдік. Кейін Атырау облысы ІІД-нің баспасөз хатшысының көмекшісі Бақытгүл Сәмекова баспасөз хатшысының еңбек демалысына кеткендігін алға тартып, бұл туралы ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтты. 

Атырау облысы ІІД қызметкерлерінің барлығы бірдей еңбек демалысына кеткен сыңайлы. Себебі ресми сайтта көрсетілген барлық телефон нөмірлердің бірі сөндірулі болса, енді бірі қоңырауға жауап бермейді. 

Ал ҚР ІІМ баспасөз хатшысы бұл видеоны көрмегендігін, сол себепті ешқандай пікір білдіре алмайтынын айтты. Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ресми хат жолдады, бұл оқиғаны назарда ұстайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір