• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 19:19:52
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

06 Қыркүйек, 2018 Ғылым-білім

Ақтөбеліктердің  93 пайызы мемлекеттік тілді біледі

Мониторингтік және түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тіл заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай төмендеді

   

         Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сүйене отырып.

         Қазіргі уақытта өңірде тілдерді қолдану мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламасының ІІІ кезеңі аясында іс шаралар кешені жүзеге асырылуда.

         Г. Төлебаеваның айтуы бойынша, қаламыздағы ересек тұрғындардың мемлекеттік тілді үйренуі үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы алғанда тілдерді дамыту орталығы  мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін үйрету курстарымен 14 мың адамды қамтып, оларға бірнеше деңгей бойынша қашықтықтан оқыту жүйесін әзірлеп отыр. 

        «Өзге ұлт жастарының арасында толерантты орта құру  мақсатында мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге жағдай қарастырылған. Бүгінгі күні 4 мыңға жуық әр түрлі этнос өкілдері жексенбілік мектептерде білім алды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде халықтың негізгі бөлігі облыстағы тіл ахуалын оң бағаласа, ал қазақ тілін меңгерген халықтың  үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. Сонымен қатар, облысымызда тұратын жоғары буын өкілдерінің 93%, сондай-ақ орыстар 93,8 %, ағылшындар 26,6%, ал мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің үлесі 45% - ды құрайды», - деді басқарма басшысы.

        Айта кету керек, өңірде балалардың алғашқы тілдік дағдыларын дамытатын «Күншуақ» балалар журналы, «Мен үш тілде сөйлеймін» балаларға арналған сөздік,  сонымен қатар, "Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме" ақпараттық-әдістемелік журналы шығарылады. 

        Сондай–ақ Ұлттық ономастикалық кеңістікті қалыптастыру үшін толық ғылыми негіз құру жөнінде шаралар қабылданды. Тәуелсіздік алған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін 167 елді мекеннің 146-на тарихи атаулары қайтарылды.

       «Жалпы алғанда мониторингтік және түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тіл заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай төмендеді »-деп, мәлімдеді Гүлайым Төлебаева.

 

 

 

 

                                                                                                                                                 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір