• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:51:31
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2018 Саясат

Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес

Ұзын құлаққа құлақ түрсек, Жақсыбековтің Президент әкімшілігі қызметінен босауы осы жағдайларға жанама қатысы болуы мүмкін.

Осыдан бес алты жыл бұрын Қазақстан Ішкі жиынтық өнімнің көлемі бойынша әлемде 42 орынға шыққан. Сол тұста біздің еліміздің басшылығы әлемде отыз экономикалық қуатты елдер арасына кірмек стратегиялық мақсат қойған. Бірақ 2015-2016 жылдары біздің мемлекет үшін экономикалық сәтсіздіктер басталды. Қазақстан Ішкі жиынтық өнімнің көлемі бойынша әлемдегі 42 орыннан 58 орынға ұшып кетті. Себебі біздің даму қарқынымыз  төмендеді: 2014 жылы тамаша деңгейге жеткенбіз -4.2%,  2015жылы -1%, 2016 жылы -1%, болыпты. [https://seosait.com/gdp-kazaxstana-2015-2016-2017/] Сағынтаев 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап Премьер министр болып келеді. Керісінше, Сағынтаев антидағдарыс менеджері ретінде шақырылған. 2017 жылы Қазақстан 4% (бұл идеалды межелік көрсеткіш, әлемдік орта даму қарқын 3.8%), ал 2018 жыл    4.2% болып басталып (алты ай), 2018 жылдың соңғы екі –үш айында 3.8%-ке дейін қарқын бәсеңдеді. Біздің ойымызша, бәсеңдеудің себебі банк жүйесіндегі дағдарыс себепкер болды. Қазақстанның екі банкі мүлде отырып қалды, Ресей банкілері АҚШ санкцияларынан қатты соққы алды. Кейбір мамандардың  айтуынша, Ресей банктерінің жағдайы жақсы. (АҚШ санкциясы Ресейдің еншілес банктердің жұмысына әсер етпеуде). [https://kapital.kz/finance/71407/sberbank-kazahstana-oproverg-sluhi-v-socialnyh-setyah.htm]. Олардың Қазақстандағы жағдайы «өте жақсы» көрінеді. Баспасөздегі таратып жүрген деректерде: Ресей банкілерінің еншілес банктері бір жылдың ішінде (Сбербанк, Альфа-банк, ВТБ Казахстан и Хоум Кредит Банк) несие көлемін 43 пайызға еселеді, ал үлесті 38 пайызға көтерді. Қазақстанның банк секторы болса, несие көлемін 13,5 %-ға, үлес көлемін17 %-ға ғана жоғарылатты, дейді олардың ақпараты.[ https://tengrinews.kz/money/rossiyskie-banki-v-kazahstane-rastut-byistree-ryinka-242508/] Экономист Магбат Спановтың айтуынша: Ресейдің банктері отандық банкілерден әлдеқайда сенімді. Өздеріңіз көріп отырғандай, ел ішінде жағымсыз ситуация қалыптасқан. Ұзақ жылдар бойы банк нарығына бәсекелестік қажет деп ойладық. Ал қазір банк секторының 70%-ы бір адамның қолында. Шынайы бәсекелестік туралы әңгіме қозғаудың да реті жоқ.[https://365info.kz/2018/03/doverie-naseleniya-k-kazahstanskim-bankam-padaet-spanov/] Экономист Магбат Спановтың Ресей банкілерін мақтауына қосыла алмаймын, АҚШ банкілеріне санкциялық қысым ай сайын күшейіп келеді. Сондықтан саясаттанушы ретінде мен оларға кепілдік бере алмаймын. Менің ойымша, Қазақстанға АҚШ банктерін кіргізуге уақыт келді. Бұл жағдай біздің финанстық сектордың тиянақтылығын күшейтеді. Ал әзірше екі банк қазақстандық құрдымға кетті, ал Цеснабанк Ұлттық банктік көмегімен аман қалды. Оқиық: «Цеснабанк» Ұлттық банкіден ақша алды [«Цеснабанк» подтвердил получение займа от Нацбанка/Сентябрь 06, 2018 https://rus.azattyq.org/a/29474705.html]Fz5sylf. Ұлттық банк «Цеснабанкке»  407 млн доллар қаржыны қарызға берді. Ұлттық банк мұнысын жасырмады. 6 қыркүйек күні Цеснабанк ақшаның үштен екі бөлігін қайтарып үлгергендіктерін, ал қалғанын тез арада қайтаратындықтарын мәлімдеді. [https: //informburo.kz/ novosti/dzhaksybekov-izbran-predsedatelem-soveta-direktorov-ao-korporaciya-cesna.html]. Ұзын құлаққа құлақ түрсек, Жақсыбековтің Президент әкімшілігі қызметінен босауы осы жағдайларға жанама қатысы болуы мүмкін.

Сонымен бізде болған жеңіл-желпі, жағдайы мүшкіл банктер тауқыметтері Қазақстаннның ІЖӨ өсу қарқынын тежеді. Менің келте пікірім: Ресей банкілерінен бақ тайған тұста өз банктеріміздің есепке алып отырып, АҚШ, Ұлыбритания, Алмания банктерін елімізге кіргізіп, қаржылық жүйені дұрыстауға болатын ба еді деймін.

2017 жылғы және  2018 жылғы ІЖӨ тәуір өсуі негізінен әкімшілік мобилизациялық ресурстардың позитивтік әсері бар, бірақ бұл тек қысқа мерзімдік ресурс. Негізінен құрылыс секторының өсуінің нәтижесі. Нұрекең айтқан қор биржасы керек. Ол әлі жоспардағы дүние. Қор биржасына батыстық құқықтық саяси жүйе керек. Президент Ағылшын құқығына қор қазақтың биржасы бағынады деп отыр. Біздің саяси элитаны психологиялық тежеуіш механизмдері, біздің орысшыл саяси басшылық бұл бағытқа баруға жібермей келеді. Нұрекең де ойлануда. Сондықтан авторитарлық саяси құқықтық модернизация күн тәртібінде тұр. Бұл қадамға Президент бара алады ма? Назарбаевтың батыл реформа жасау тәжірибесі бар: 1990-шы жылдары Нұрекең радикалды нарықтық реформаға барып,  бастапқы қиыншылытарға төзіп, Қазақстанның ІЖӨ еселеп өсірді, ал реформа жасамаған Кәримовтың Өзбекстаны жартылай социалистік жұпыны жүйеде қалды. Бес миллион өзбек Ресейде, 800 мың бізде  жалшылықта жүр. Мен көріпкел емеспін, инсайдерлік ақпарат менде жоқ, сондықтан ... кесіп айту күпірлік болар еді.

Сонымен, Үкіметтегі дағдарыс тарқатылды ма? Дағдарысқа кім немесе не кінәлі? Кім кінәлі деген сауалға  әйтеуір Сағынтаев кінәлі емес деп жауап беруге әбден болатын сияқты. Түпкілікті ақиқатты Алла білер!

Әзімбай Ғали

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір