• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

14 Қыркүйек, 2018

Лондонда аты жер жарып тұрған Аза Шәденова Астанаға келеді

Astana Art Show көрмесінің ресми ашылуы 15 қыркүйекте сағат 19:00-де TSE Art Destination галереясында өтеді. Кіру тегін.

Қыркүйек айының 12 жұлдызында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Astana Art Show  өткізілуіне қатысты баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Astana Art Show баспасөз қызметі ұсынған деректі негізге ала отырып.

15 қыркүйек – 28 қазан аралығында Елордада Astana Art Show өтеді. Astana Art Show заманауи Қазақстанның Бейнелеу өнері Халықаралық Биенналесінің негізгі шарасы болып табылады және оның аясында үш көрме өтеді.

Іс-шараның алғашқы тақырыбы - «Metamorphosis». Жоба қатысушылары – толық жетілген және шетелде аттары танымал болған қазақстандық жас суретшілер.

20-дан астам суретші халықаралық ірі көрмелерге қатысқан және шоуға арнайы дайындалған еңбектерін ұсынады.

Көрме қатысушыларының арасында танымал жапондық фотограф, «Мен Обломов» белгілі автопортрет сериясының авторы – Икуру Куваджима бар. Сондай-ақ, көркем өнерді қадірлеуші елордалықтардың назарына өз жұмыстарын Лондонда аты шыққан қазақстандық Аза Шәденова ұсынады. Ал жас суретші Әділ Әубекеров Астана тұрғындары мен қонақтарын қала ғимараттарының бірінің қасбетіне салынған жаңа арт-нысанмен қуантады.

Суреттер мен инсталляциаларды келушілер TSE Art Destination галереясында және оның айналасында тамашалай алады.

Metamorphosis-пен қатар, Орталық Азия елдері мен Қазақстанның 16 жас суретшісінің шығармашылығына арналған «Қайта жүктеу. Кеңістікті оңтайландыру» көрмесі өтеді.

«The Ghost Expedition» атты үшінші көрмесінің ұйымдастырушылары – Еуропалық Одақ. Жоба шеңберінде қазақстандық және еуропалық суретшілер тобы Маңғыстау облысының киелі орындарын зерттеу барысында көркем жұмыстарының нәтижелерін ұсынады. 

Сондай-ақ, жоба аясында танымал суретшілердің жария дәрістері, шебер-сыныптары мен кураторлық экскурсиялары өтеді.

Astana Art Show ашылуында іс-шараның арнайы қонақтары – әлемге әйгілі музыкант Benjamin Skepper (Мельбурн, Австралия) өнер көрсетеді. Benjamin Skepper – көркем мәнмәтінде заманауи технологиялар мен ғылыми инновацияларды қолдана отырып, жаңа эксперименттік музыкалық шығармаларжазатын музыкант, және Орынбор облысы, Орск қаласының тумасы, әйгілі биші Әрсен Именов.

Astana Art Show көрмесінің ресми ашылуы 15 қыркүйекте сағат 19:00-де TSE Art Destination галереясында өтеді. Кіру тегін.

 

                                                                                                                                                                                             

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Бектас 23 Ақпан, 2019

Темекі ұстап тұрған мына суретті неге жариялайсыңдар?