• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:53:50
Алматы
+12°

21 Қыркүйек, 2018 Оқиғалар

Көлік пен жылқы соқтығысқан жол апатында 14 жастағы қыз қаза тапты

Тас жолына үш бірдей жылқыны айдаған ер адам оқиға орнынан қашып кетіпті.

Алматы облысында көліктеріне ат секіріп, 14 жастағы қызынан айырылған отбасы жылқышыны тауып, жазалауды талап етіп отыр. Өйткені, тас жолына үш бірдей жылқыны айдаған ер адам оқиға орнынан қашып кетіпті. Ал, жеңіл көлікте отырған бір әулеттің жеті адамы түгелімен жарақаттанып, ауруханада жатыр. Оның төртеуі бала.  Біреуі сол жерде көз жұмған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасай отырып.

Жантүршігерлік оқиға қыркүйектің 17-нен 18-не қараған түні сағат 11 жарымдар шамасында болған. Бажасының үйінен қонақтан шыққан отбасы дәл осы "Талғар-Ақбұлақ" тас жолына келгенде мына жақтан үш жылқы шығып, оның бірі көлікке қарай секіріпті. Жылқының бір тұяғы жүргізушіге, екіншісі алдында отырған 14 жастағы қыздың басына тиген. Рөлге ие бола алмаған жүргізуші жылқымен бірге сүйретіліп мына ағашқа соғылыпты.

Екі күннен бері бет-аузы ісіп, енді ғана тілге келген келіншек тұңғышынан айырылып қалғанын да білмейді. Аяғы ауыр болғандықтан қызының қазасын туғандары әлі естіртпепті. Бірақ, жолға жүгірген аттарды алғаш көрген мен едім дейді. Артта отырған төрт баламды құшақтап қана қорғай алдым деп жылауда. Миы шайқалып, мұрны сынған әйелдің құрсағында 28 апталық тағы бір сәбиі бар.   

«Мен көрдім аттарды. Ат, ат деп айқайладым. Кейін баламды құшақтадым" – дейді зардап шегуші Гүлзада Бегімбетова.

Содан бері екі күн өтсе де айналасында әлі қанның іздері мен көлік бөлшектері шашылып жатыр. Қатты соққыдан отбасының түгел мүшесі жарақат алған. Жүргізуші әулеттің бажасы екен. Төрт баласымен келген қайын апасын үйіне жеткізуді жөн көріпті. Өзінің екі жасар ұлын да ерте шыққан. 14 жастағы балдызы алдына отырамын деп қоймапты. Сонда сегіз адам сыйған темір тұлпардың терезесінен кәдімгі тұлпар кіріп, қысып тастаған.  

«Мен демала алмай шықтым да, кішкене жерде отыр едім. Анау кісі қарап тұр екен, айдаған адам атты. Бір кезде жан-жақтан машиналар келе бастаған. Светінен қаша бастады, көріп қоймасын деп» - дейді зардап шегуші Медхат Бектұров.

Жылқышыны отбасы сол бойы таппадық дейді. Ал, Талғар аудандық ауруханасына аяқ-қолы сынып, миы шайқалып, бет-жүзін шыны сырған барлығы түскен. Бір жарым жасар және екідегі екі ұл ертеңіне шығарылыпты. Қатты жарақатты алдында отырған үйдің тұңғышы алған. Жылқының тұяғы басын езіп жіберіпті. Кесірінен сол жерде жан тапсырған. Ал, қалған екі бала да ауруханада жатыр.  

 «Аяғына гипстеп, шоктан шыққан соң қалған балалармен оларда да ми шайқалу жарақаты болған. Тексеріліп болған соң облыстық ауруханаға ГРЭС-ке жөнелтілді» - дейді Талғар аудандық ауруханасының травматолог дәрігері Төлеубай Айнабеков.

Қазір отбасы жолға жылқы айдаған жылқышыны іздеуде. Полицейге арыз да жазып қойыпты. Облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық істің 345-бабы бойыншы тергеу жұмыстары басталғанны айтты. Ал, Бегімбетовтер әулеті жетінші сынып оқитын қыздарын күні кеше жер қойнына тапсырды. Тек, тұңғышына топырақ та сеуіп үлгермеген шешесіне қалай жеткізерін білмей зар илеп қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір