• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:20:28
Алматы
+35°

24 Қыркүйек, 2018 Спорт

Альварес Головкиннің жеңісін мойындады

Бұл жолы "Канело" жақсы жұдырықтасты, өйткені үнемі алға жүрді.

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы колумбиялық Элейдер Альварес (24-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға қатысты әсерімен бөлісті. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Боксшылардың WBC, WBA (Super) және IBO белбеуі үшін екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен болатын. 12 раундқа созылған қарымтада төрешілер шешімімен "Канело" жеңіске жетті. Ал қазақстандық боксшы үшін бұл алғашқы жеңіліс болды. 

"Бұл жолы "Канело" жақсы жұдырықтасты, өйткені үнемі алға жүрді. Алайда Головкин ауыр соққылар көбірек жасады, міне кімді жеңімпаз деп мойындаймын. Дегенмен бокста мұндай жағдайлар боп тұрады", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.

Айта кетейік, 28 жастағы мексикалық «Канело» Альварес 36 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді жеңді. GGG кәсіпқой бокста өмірінде алғаш рет жеңілді. Осылайша Головкиннің титулдарының бәрін «Канело» алды. Геннадий Головкин осыған дейін 39 жекпе-жек өткізіп біреуінде ғана тең түскен болатын. Ал  Саул Альварес болса 52 кездесуінің екеуінде тең түсіп, Флод Мейвезерге есе жіберген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір