• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

28 Қыркүйек, 2018 Саясат

Нығматулин мамандық бойынша жұмыс табу қиын екендігін мойындады

Айта кететін мәлімет, бүгінгі күні біздің елімізде 7 миллионға жуық  жұмыскердің  жоғары және  орта кәсіптік білімі бар.

Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары» парламенттік тыңдауы барысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйлеп, осы саладағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Палата Спикерінің пкірінше, бүгінгі күні білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талаптарына сай болмай отыр. Оның бір себебі, кадрларға деген сұранысқа байланысты терең талдау жасалмайды.

Одан әрі білім беру бағдарламалары да қазіргі талапты  толықтай  орындамай отырғанын,  сол себептен, студент жастарға оқуын бітіргеннен кейін  мамандығы бойынша жұмыс табу қиын екенін алға тартқан Н. Нығматулин  осы мәселені шешу үшін кадрларға деген  қажеттілік мониторингінің  тиімді жүйесін құру қажеттігіне тоқталды.

Айта кететін мәлімет, бүгінгі күні біздің елімізде 7 миллионға жуық  жұмыскердің  жоғары және  орта кәсіптік білімі бар. Ол барлық  жұмыспен қамтылған азаматтардың 79  пайызын құрайды. Бұл  еліміздегі еңбек ресурстарының  сапасы  жоғары    екенінің    дәлелі.

Осы көрсеткіштер  әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолындағы біздің стратегиялық  артықшылығымыз болып   табылады.

 

 

  

 

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір