• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:09:08
Алматы
+35°

03 Қазан, 2018 Оқиғалар

Назарбаев Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының үлкен беделін атап өтті

Кәсіподақтар 2,8 млн қазақстандықтың жұмыс орнын сақтап қалуға ықпал еткен.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезінің қатысушыларына құттықтау лебізін жолдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан қоғамындағы кәсіподақ қозғалысының үлкен беделін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлер құқықтарын табысты қорғап, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті жақсартып келеді. Кәсіподақтар 2,8 млн қазақстандықтың жұмыс орнын сақтап қалуға ықпал еткен. Сонымен бірге, съезге қатысушылары алдында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Талғат Өміржанов сөз сөйледі. Жалпы ҚР Кәсіподақтар федерациясы съезінің жұмысына Қазақстанның барлық өңірлеріндегі салалық кәсіподақ ұйымдары атынан 200-ден астам делегат қатысуда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір