• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

04 Қазан, 2018 Аймақтар

"Димаш" тауарларын "Қазпошта" арқылы ала аласыз

Қазпошта «Димаш» атты интернет-дүкеннің жұмысын алға бастырып тауарларын клиенттерге жеткізуге көмек көрсететін болады

1 қазанда «Димаш» атты онлайн-дүкеннің тауарларын тұрғындарға жеткізу мақсатында Қанат Айтпаев пен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов арасында келісім жасалды. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Белгілі әртіс, Димаш Құдайбергеннің әкесі, Қанат Айтбаевпен кездесу өткіздік. Өздеріңіз білетіндей, былтырдан бері Димаш Қазпоштаның келбеті, биыл да осы серіктестігімізді жалғастыруға келістік», – дейді С. Сарсенов.

Оның айтуынша, Қазпошта «Димаш» атты интернет-дүкеннің жұмысын алға бастырып тауарларын клиенттерге жеткізуге көмек көрсететін болады. Қазір олар шәй және киім топтамасын шығарып жатыр, алдағы кезде дүкенде Димаштың шығармашылығына арналған сувенирлер де сатылатын болады.

«Димаш Құдайберген - бұл бренд, әлемдік деңгейдегі жұлдыз, біздің елімізді әлемдік сахнада танытып жүрген тұлға. Ол Қазақстанда да, шетелде де электрондық коммерцияның дамуына зор үлесін қосатынына сенімдімін», – деп түйіндеді Басқарма төрағасы.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары болса дүкен ұсынып жатқан шайдың дәмді екенін, екіжақты серіктестікке риза екендіктерін жеткізуде.

«Алақай! Димаштың есімі жазылған күміс алқаны сатып алғым келеді. Сувенирлік тауарларын да алғым келеді. Шайы өте дәмді, сапасы да жақсы», – деп желі қолданушылары өз пікірлерін білдірді.

Танымал әнші болса отандық пошта желісінің қазіргі қызметіне риза екендігін бірнеше күн бұрын жеткізген болатын.

«Соңғы кезде мен әлемнің түкпір-түкпірінен хаттар мен сыйлықтар аламын. Мен еліміздің поштасының қызмет көрсету деңгейі мен даму қарқынына шын пейіліммен қайран қаламын. Әрине, Қазпошта әлеуметтік компания, ол қазақстандықтардың, тіпті ең шалғай  ауылдарда пошталық және қаржылық қызметтерді алуға мүмкіндік береді, осылайша еліміздің барлық өңірлерін біріктіреді. Оның әлеуметтік рөлі және сонымен бірге заманауилығы мен технологиялылығы  маған ұнайды. Мен Қазпоштаның одан әрі көркейіп, гүлдене беруін тілеймін», — деді ол.

Еске сала кетейік, былтырғы жылдың қазанында ұлттық пошта операторы мен талантты өнер иесі Димаш Құдайбергеннің арасында өзара келісім жасалғаны туралы хабарланған болатын. Димаш Құдайбергенов — Витебск қаласында өткен «Славянский базар-2015» сайысының гран-при жүлдесінің және Music Awards премиясының «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясының иегері.  Қазақстандық әншіні Қытайда өткен I am a Singer-2017 сайысында екінші орын алып, дүние жүзіне танымал болды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір