• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

11 Қазан, 2018 NEWS

100 спорт орталығы 100 аурухананы алмастыра ала ма?

Министрдің мәліметіне сәйкес, халықтың спорт орталықтарына деген сұранысы - 43 %.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 100 спорт орталығын салса, 100 аурухана салудың қажеті жоқ деген ойда. Бұл туралы министр үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің мәліметіне сәйкес, халықтың спорт орталықтарына деген сұранысы - 43 %. Ауылды аймақтарда спорт орталықтарының тапшылығы - 80 %.

«Сараптама көрсеткендей, ауыл тұрғындарының тек 20–25% ғана спортпен шұғылдана алады. Сондықтан министрлік 100 сауықтыру кешендерін салуды көздеп отыр. Мұндай жағдайда 100 аурухана салу қажеттілігі болмайды. Қазір қаржы мәселесі шешіліп жатыр. Қаржының көп бөлігі футбол мен хоккей командаларына бөлінеді. Бірақ негізгі қаржы жалпы спортқа жұмсалынуы тиіс. Бұл мәселе, әсіресе, ауылды аймақтарда сезіліп отыр», -  дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір