• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

11 Қазан, 2018 NEWS

Елбасы Қайрат Келімбетовке тапсырма берді

Елбасы қазіргі уақытта бұл қаржы құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық құқықтық және ұйымдастырушылық база жасақталғанын атап өтті.

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қалыптасу барысы жөнінде мәлімделді. 

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта бұл қаржы құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық құқықтық және ұйымдастырушылық база жасақталғанын атап өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қазақстан Президентінің АҚШ пен Қытайға биылғы ресми сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Қ.Келімбетовтің айтуы бойынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысқа кіріскен кезден бері өзін халықаралық аренада танытып үлгерді. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бұл орталық әлемдік 100 қаржы орталығының ішінде 61-орынға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша 2-орынға ие болып отыр.

Сондай-ақ, кездесуде Мемлекет басшысына жекешелендіру және Қазақстан компанияларының акцияларын IPO-ға шығару үдерісінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының мүмкіндіктерінің пайдаланылуы жөнінде мәлімделді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

12 пікір

Аноним 12 Қазан, 2018

МФЦА это один из лучших центров в нашем регионе, работа центра идет полным ходом, думаю со временем мы будем держать первые позиции в топе

Ғайни 12 Қазан, 2018

Жаңа заман талабына сай жұмыс жасау өз нәтижесін береді

Аноним 12 Қазан, 2018

@Ғайни Да вы правы, в нашем современном мире новые требования, которым нужно соответствовать

Ғайни 12 Қазан, 2018

@Аноним әрине, басты негіздерді жиі ескеру маңызды орын алатыны анық

Аноним 12 Қазан, 2018

На Келимбетове лежит большая ответственность, надеюсь он не подведет нашего президента

Ғайни 12 Қазан, 2018

Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасаған адам, жақсы жұмыс атқара алады

Аноним 12 Қазан, 2018

@Ғайни Ну он хорошо работает, уже виден результат его работы

Ғайни 12 Қазан, 2018

@Аноним Келімбетов сырзаға Елбасы сенім артса ел де сенім арта алады деген сөз

Айбын 12 Қазан, 2018

@Ғайни Жауапкершілікті сезіне алатын адам екені көрініп тұр.

Ғайни 12 Қазан, 2018

Елбасы мен ел үмітін ақтайды деп сенеміз!

Аноним 12 Қазан, 2018

Да главное чтобы наши надежды были оправданы

Айбын 12 Қазан, 2018

Қаржы орталығы халықаралық деңгейде орнығып жатыр. Бұған барын салып жатыр Қайрат мырза.

Айбын 12 Қазан, 2018

Еліміз үшін бұл орталық құруға қажеттілік туды, бұл орталықтың жұмысы сапалы болсын деп тілейміз.