• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 16:54:32
Алматы
+8°

17 Қазан, 2018 Тарих

Пирамидаларды салған біздің ата-бабаларымыз

Египет пирамидасының ішіндегі бөлменің қабырғасынан табылған «домбыра мен Қаз Адайдың «тіл таңбасы» куәлік ете алады.

Қазіргі тарихшылардың барлығы дерлік Қазақты Алаштан таратады. Ал, Қазақтың рулық шежіресі Алашты Қазақтан таратады, яғни Алаш батырды ұранға шығарған кезде Алашты ұранға шығарған оның Қазақ деген елі болған.

Ежелде қазақ рулары елді, Атамекен туған жерді қорғауда асқан ерлік көрсетіп, ұрпағына үлгі болған ер-жүрек батыр, дана ұлдарын ұранға шығарып отырған. Үш Жүздің ортақ ұраны Алаш батыр. Олар уақыт өте келе ұрпақтары көбейген соң ру атын иемденген. Аталарымыздың «Ұлтымыз Қазақ, ұранымыз Алаш, керегеміз Ағаш» дейтіндері осыдан. Аталарымыздың Алаш ұранды Қазақпыз дейтіндері де осыдан. Қазақ пен Алаштың синоним болатыны да осыдан. Алты Алаштың - Алаштан, Алаштың - Қазақтан тарайтыны да осыдан. Алаштың Қазаққа ұран болатыны да осыдан (Ұранға шығу үшін ұранға шығаратын рулы елі болуы керек екеніне қандай дау бар?). Қазақтың әлем елдерінің бәріне Аға және Нағашы (сөз түбірі ағаш) болатыны да осыдан.

Түсініктеме: Қазақ деген халық өз тегін Атадан (Қазақияның түбірі Азия болатыны содан), Европа елдерінің кейбірі Анадан (Европаның түбірі Ева (әйел) қуалайды. Қазақ үшін Аталық тек "Нағашы", Қазақтың қызынан туған ұлы "Жиен" болады.

 Ал, Алаш, Алты Алаш, алпыс, алты жүз, алты мың, алты мың алты жүз алпыс алты т.т. бәрі осы Алашқа жатқан алты елдің сандық атаулары. Ол замандарда бүкіл әлем елдері Қазақ деген бір мемлекеттің құрамында, бәрі бір атаның ұрпағы екендіктерін айқын сезіне отырып тату-тәтті ғұмыр кешкен.

Сіздердің менен мұның айғағы қайда деп сұрайтындарыңыз сөзсіз. Мұның да жауабын бере кетейін. Бүкіл жер шарының түпкір-түпкірінде қаптата салынған алып пирамидалар бар. Сол пирамидаларды да салған біздің аталарымыз. Оған Египет пирамидасының ішіндегі бөлменің қабырғасынан табылған «домбыра мен Қаз Адайдың «тіл таңбасы» толықтай куәлік ете алады. Енді осының үстіне Каир (Египет) мұражайына қойылған Тутанхамонның (Египет перғауыны, мүрдесі пирамида ішіне жерленген) бала кезінде ойнаған ойыншығы қойдың асығы және пирамидалардың ең биік шыңының Адайдың таңбасы «жебемен» сәйкес келетіндігін (бұл таңба (стрелка) адамдарға жол көрсетіп кез-келген жерде тұр) және Құран Кәрімде сол пирамидаларды салған Перғауындардың (Фараондар) «қазық» деп аталғанын қосыңыз.

Жер бетінде әлемге әйгілі пирамидалар көп. Олардың санатына Қытайдың Сиан жазығындағы пирамида, Мексиканың Юкатан жазығындағы Кукулкан пирамидасы, Андадағы Норте-Чико мәдениеті пирамидалары жатады. Осы пирамидалардың ішіндегі ең әйгілісі жоғарыда айтылған Египеттегі Газе (Қаз) пирамидалары. Осы пирамидалар соңғы кезде «ұйқыдан» оянып, бәрі де аспанға сәуле (жарық) шаша бастаған. Бұған түсінік беруге ғалымдардың білімдері жетпеуде.

«Археологтар Антарктида да ежелгі өркениет кезеңінде салынған үш пирамиданы тауып алды. (Антарктида да көне пирамидалар табылды» (http://ult.kz/post/antarktidada-kone-piramidalar-tabyldy1).

Жақында осы пирамидаларды зерттеп жүрген ғалымдар пирамидалар шоғырының аралары 6666 шақырым екендіктерін жариялады. Енді осының үстіне Қасиетті Құран Кәрімнің 6666 аяттан тұратынын қосып қойсаңыз тіпті де жаңылыспайсыз.

Алты саны ерекше сан. Алтының басқа сандардан өзгешелігі оның өзіне тән ерекше қасиетінің болуы. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1-ге, 2-ге, 3-ке бөлінеді. Оларды қосып немесе көбейтсек қайтадан алты саны шығады (1+2+3=1*2*3).  Мұндай қасиет басқа ешбір санда қайталанбайды. Енді осының үстіне қар ұлпаларының да алты бұрышты болатынын қосып қойыңыз.

Демек, он сегіз мың ғаламның да, соның ішіндегі саналы тіршілік иелері адамзаттың да бастауы бір, бәрін бір Алла жаратты. Ұлы Жаратушы – Алла есімінің түбірі «Ал» болатыны да осыдан. Осы «Ал» деген түбірді кері жалғау арқылы Алла деген ұғымымыздың да дүниеге келгенін айқын аңғара аламыз. Біз бұл жерден Құдайдың бір аты халық дегендей, Алланың да бір аты халық екенін көреміз.

Адамнан адам туатыны сияқты сөзден де сөз туады. Мысалы, Темірші ханға Шыңғыс деген лақап атпен бірге қаған деген лауазым және Сарырқадағы тауға Шыңғыстау деп ат қойылып, сол таудың ең биік шыңы Мұңал шыңы деп аталғанынан бәрімізде хабардар болармыз. Сол Шыңғыстың (Шын-ғыс)  бірінші буыны Алаш - Алшынның екінші буынында тұр. Көрдіңіз бе? Қазақтан Алаш, Алаштан Алшын, ал Алшыннан Шыңғыс туып тұр. Мұны күні кешеге дейін қазақтың бес жасар баласы да білген.

Арнайы атап өтетін жағдай, Алаштың Қазақтан тарағанын айғақтайтын тағы бір мынадай дәйекті дерек бар. Ол, жоғарыда айтқанымдай, Қазақ атамыздың есімі Алашқа емес, Алаш ата есімінің Қазаққа ұран болуы.  Себебі, кез келген ұлы тұлғаның аты ұранға айналуы үшін, оны Ұран ететін елінің (руының) болуы шарт. Барлық рулардың, тайпалардың, елдердің ұрандары осылай дүниеге келген. Ұрандар өзгеріп отырады, ал оның атын ұран еткен ел тұрақты болады. Мысалы, Қоңыраттардың ұраны Алатау, Адайлардың ұраны Бекет, Жалайырлардың ұраны Бақтияр, Наймандардың ұраны Қаптағай т.т. болып кете береді. 

«Енді Байұлы болатын Кіші жүздің әрбір руы өзінің белгілі адамдарының атын өздеріне ұран етіп кетіпті: Беріштер Ағатай,

                     Шеркештер Шағырай,

                     Ысықтар Бәйтерек,

                     Жаппастар Баймұрат,

                     Таздар Бақай,

                     Сұлтансиықтар Әйтімбет, Қара дейді.

Кейін Кіші жүзде Табындар – «Жоламан», «Барақ-Мөңке», Әлімдер – «Майлыбай», «Жанқожа» деп ұрандаған. (Алшын Мендалыұлы «Адай шежіресі», Алматы-2002. 94 бет).

Демек, Ұлы Аталарымыз елін, жерін қорғауда асқан жанқиярлық көрсеткен батырын ұранға шығарып отырған. Сондықтан, Алаштың (Алты алаштың) Қазақтан тарағандығы дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес.

 Жоғарыда көрсетілгендерден шығатын қорытынды: Қазақ Алаштың емес, Алаш Қазақтың баласы болып табылады. 

 Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

 

 

 

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір