• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Ақпан, 00:03:10
Алматы
+35°

18 Қазан, 2018 Әлем

Керчь колледжіндегі жарылыс: 2018 жылы әлемде орын алған лаңкестік оқиғалар

Ұстаздар «Росляков жақсы студент еді,  оның жағымсыз қылықтарын осы уақытта дейін байқай алмадық» деп жауап берер.

Әлем жарылыстар мен лаңкестік әрекеттерден әлі азат бола қойған жоқ. Ең соңғы осындай жантүршігерлік әрекет кеше 17 қазан күні Қырымның Керчь қаласында орын алды. Аталған колледждің студенті Владислав Росляков  оқу орнында жарылыс жасап, артынан өзін-өзі атып өлтірді. Жарылыс пен қылмыскер атқан оқтан 19 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жараланды.

Осы оқыс оқиғадан кейін қылмыскер студенттің әке-шешесінен жауап алынуда. 18-20 жастағы жандар қаскөйдің әрекетінен  жазықсыз жапа шекті, жараланды, қыршын кетті. Қабырғаға бататын ауыр оқиға. Басқа бермесін. Жан шошырлық осындай ауыр оқиғалар жиі қайталанып жатса да,  адамзат одан әлі сабақ алған жоқ. Қазір Севастопольде үш күндік қаралы күн  жарияланды. Әрине, студент Владислав Росляков  мұндай әрекетке неліктен барды, мұның барлығы да ұстаздары мен ата-анасынан жауап алу арқылы анықталар. Бірақ қыршын, бақилық болып кеткендерді кері қайтара алмаймыз. Ұстаздар «Росляков жақсы студент еді,  оның жағымсыз қылықтарын осы уақытта дейін байқай алмадық» деп жауап берер. Алайда өкініштің орны толмайды.

Адам баласы санасын улаған жағымсыз ағымдардан арылмай, осындай оқиғалар жиі қайталана береді. Бұл бірінші рет емес, осыдан екі ай ғана бұрын Пәкістанның Белуджистан провинциясының Кветта қаласында лаңкес сайлау учаскесінде жарылыс жасады. 28 адам қайтыс болып,  автоматтан атылған оқтан 30-ға жуық адам ауыр жарақат алды. 25 шілде күні Сирияның оңтүстігіндегі Эс-Сувейда қаласында лаңкестік әрекеттің салдарынан 38 адам құрбан болып, 30 адам жараланды. Мұндай ауыр оқиғаларды тізе берсек, одан ары жалғаса береді. Кабул қаласының  Хамид Карзай атындағы әуежайда сыртта қуғында жүрген Абдул-Рашид Дустумды күтіп алу кезінде де ешкім күтпеген жарылыс болып, 23 адам бақилық болды. 107 адам жараланды, олардың бірқатары кейіннен есін жинай алмай, көз жұмды.

13 шілде күні тағы да Пәкстанның Пешавар провинциясында сайлауалды жиын сәтінде лаңкестік әрекеттің салдарынан 149 адам бақилық болып, 186 адам ауыр жарақаттанды.  10 шілде күні Пешавар қаласында Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған жарылыстан Ұлттық партияның басшысы Харун Билер мен оның ұлы Даниял Билур көз жұмды. Теракт 22 адамның өмірін жалмап, 60 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

1 шілде күні де Ауғанстанның Нангархар әкімшілік орталығында 19 адам бақилық болды. Жарылыстың салдарынан 230 адам жедел түрде ауруханаға жатқызылды.

Жалпы әлемдік тарихқа көз салар болсақ, терактілердің бірсыпырасы парламенттік немесе президенттік сайлау кезінде болатынын байқаймыз. Бұл енді қарсыласты жолдан тайдыру немесе оның көзін құрту үшін жасалған әрекет екенін байқауға болады. Бұл анығын айтқанда, демократиялық өркениеттен тыс, қылмыстық және лаңкестік орны толмас ауыр  оқиғаға ұласатын жағдай.

Бұған мысал келтірер болсақ, биылғы жылдың 23 маусымында Зимбаббе президентінің сайлауалды кампаниясы кезінде жарылыстың салдарынан

10 адам бақилық болып, 49 адам жапа шекті.

23 маусым күні Эфиофия премьер-министрінің  халықпен кездесуінде лақтырылған гранатаның салдарынан 2 адам көз жұмды, 156 адам ауруханаға жатқызылды.

 Енді әлемнің әр елінде орын алған лаңкестік оқиғаларды одан ары кесте түрінде тізбелесек...

 

 

Күні

Мемлекет, қала

Қайтыс болғандар

Жараланғандар

1

17 маусым

Ауғанстан, Джелалабад

25 адам 

 

50 адам

2

17 маусым

Нигерия, Дамбоа

21 адам

2 адам

3

16 маусым

Ауғанстан, Нангархар

26 адам

50 адам

4

7 маусым

Ирак, Бағдад

20 адам

110 адам

5

6 мамыр

Ауғанстан, Хост

17 адам

34 адам

6

30 сәуір

Ауғанстан, Кабул

29 адам

40 адам

7

22 сәуір

Ауғанстан, Кабул

57 адам

119 адам

8

21 наурыз

Ауғанстан, Әли абад

29 адам

52 адам

9

2 наурыз

Букино-Фасо, Увгадугу

8 адам

80 адам

10

23 ақпан

Сомали, Могадишо

38 адам

20 адам

11

27 қаңтар

Ауғанстан, Кабул

95 адам

158 адам

12

23 қаңтар

Ливия, Бенгази

41 адам

80 адам

13

 

15 қаңтар

Ирак, Бағдад

26 адам

95 адам

14

4 қаңтар

Ауғанстан, Кабул

20 адам

30 адам


Берік Бейсенұлы

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір