• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:29:22
Алматы
+35°

22 Қазан, 2018 Саясат

О, комсомол, сен әлі тірі ме едің?!

Құрдымға кеткен коммунизмнің бел баласы комсомолдың 100 жылдығы тәуелсіздігін алған Қазақстанда аталып өтті.

Құрдымға кеткен коммунизмнің бел баласы комсомолдың 100 жылдығы тәуелсіздігін алған Қазақстанда аталып өтті. Алматының Абай атындағы опера және балет театрында бір жылдары комсомолда қызмет істеген, аталған ұйымды басқарған, комсомолдың облыстық, аудандық ұйымдарына жетекшілік еткен өкілдер келіп қатысты. Олардың ішінде елге белгілі тұлғалар, тіпті қазіргі Мәжіліс пен Сенатта  депутат болып отырған «НұрОтан» партиясының мүшелері мен танымал қоғам қайраткерлері бар.

Жұмағұлов

Кезінде комсомолға еңбек сіңіргендердің  барлығы да айтулы мерекеде «ВЛКСМ-нің 100 жылдығы» медалімен марапатталды. Кеше комсомолға мүше болған бұл азаматтардың  кейінгі ұрпаққа түк керегі жоқ ұйымның 100 жылдығын дүркіретіп өткізуі түсініксіз. Бұл өткенді сағыну ма? Кеше Қазақстанды комсомолдың елесі кезді. «Қазаққа қан құстырған жүйенің 100 жылдығын тойлағаны несі?» Журналист Дина Елгезек өзінің Фейсбуктегі әлеуметтік парақшасында осылай деп жазды. Мұның қаншалықты қажеті бар еді?

үш

Алаш орданың 100 жылдығын атап өтпеген үкіметтің белсенділері  коммунистердің құйыршығы болған жандайшап комсомолдардың 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Анау-мынау емес, Алматының Абай атындағы опера және балет театрында! Оған еліміздегі жетекші партияның Мәжіліс пен Сенаттағы фракциясының өкілдері, сонымен қатар есімі елге белгілі қазақтың қайраткерлері қатысты. Өкінішті, өте өкінішті. Ұлтқа ұпай бермейтін шараны суреттен, әлеуметтік желіден көріп, әншейінде ұлттың сөзін сөйлейтін азаматтардың оған барғанына қапа болдық. Оларды енді қайраткер деуге бола ма?! Мүмкін мына түрлерімен алдағы уақытта қазақты қан қақсатқан Кеңес Одағының да «пәленбай жылдығын» атап өтер. Еріксіз барған шығар, бірақ «ел не дейді?» деп ойласа нетті?!

♦Тағы да комсомол, тағы да Ленин!

100 жылдық мерейтойда Қазақстан Коммунистік халықтық  партиясы орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбекев пен аталған партияның Алматы комитетінің бірінші хатшысы, Қоғамдық кеңестік мүшесі Әлібек  Шапенов комсомолдың бұрынғы белсенділеріне, қазіргі ардагерлеріне медаль тапсырды. Олардың ішінде Мәжіліс, Сенат депутаттары да бар. Сонымен, олар кімдер?

  1. Бақытжан Жұмағұлов, Сенат депутаты;
  2. Бірғаным Әйтімова, Сенат депутаты;
  3. Әли Бектаев, Мәжіліс депутаты;
  4. Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаты, Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы (1978-81 жылдар).
  5. Нұрлан Омаров, Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы (1991 ж), Қазақстан Жастар Одағы рталық комитетінің бірінші хатшасы (1991-94 жылдар).
  6. Сабиля Мұстафина, Қазақстан комсомолының хатшысы, Қазақстан Жастар Одағының хатшысы (1991-1995 жылдар).
  7. Рахман Алшанов, Тұран университетінің ректоры, Қоғамдық кеңестік мүшесі.

...Комсомолдың мерейтойында медаль алған «қайраткерлер», марапаттарыңыз құтты болсын!

 

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір