• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Қараша, 01:29:07
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2018 Саясат

70 көлікпен келген Рамзан Қадыровты ингуштың мұздай қаруланған 1000 сарбазы қарсы алған

Осыдан бірер апта бұрын Ингушетия мен Шешенстан арасында жер дауына қатысты дүрдараздық бастау алғаны белгілі.

Осыдан бірер апта бұрын Ингушетия мен Шешенстан арасында жер дауына қатысты дүрдараздық бастау алғаны белгілі.  Екі елдің президенттері Юнус-Бек Евкуров пен Рамзан Қадыров 29 қыркүйек пен 4 қазан күні әкімшілік-территориялық келісімге қол қойып, ингуш жерінің 20 мың гектары Шешенстанға беріліп кеткені белгілі. Ал ингуштар болса, қайтарымға бар-жоғы 1000 гектардан аса ғана жер алған. Бұған наразы болған ингуш белсенділері риза болмай, ел астанасы Магасқа митинг өткізгені белгілі. Көшеге шыққандар президент Юнус-Бек Евкуровты орнынан кетіруді талап етті. Тіпті  Сурхахи елдімекенінде тұратын ингуштың бір ақсақалы Мухажир Нальгиев шешен басшысы Қадыровты  «малшы» деп те атап жіберді.

♦Ингушетия мен Шешенстан арасында соғыс басталуы мүмкін бе?

Мұндай мазаққа шыдамаған Рамзан Қадыров бүкіл оққағарларымен бірге 70 көлікке мініп Сурхахи селосына келіп кірген. Жағдайдың күрделеніп кетуінен қорыққан болуы керек,  елдімекенді қоршап, ингуштың 1000 сарбазы мұздай қаруланып көше бойында сақадай сай тұрған.

Оның үстіне «Егер мені тілдеуіңді тоқтатпасаңдар, барлығыңды қырып жіберемін» деген Рамзан Ахматұлының сөзі де ингуштердың да намысына тиген. Алайда бәрі де тыныш өтті. Кавказдық дәстүрмен шешен президенті ақсақалдың алдына келіп кешірім сұраған көрінеді. Ақсақал да өзі басын иіп, «мұсылманбыз ғой» деп Рамзан Қадыровқа кешірім берген.

–Мухажир селодағы  сыйлы адам, сондықтан оған халық құрметпен қарайды. Біз түсінісіп, кеңірек отырып әңгімелестік. Оның көңілінде маған деген ешқандай өкпе, реніш қалмауы керек. Құдыретті бір Алла үшін біз бір-бірімізден кешірім сұрадық,–деп жазды Рамзан Қадыров өзінің Telegram-каналында.

Ескерте кетейік, Ингушетия мен Шешенстан арасындағы жер дауы екі ел бөлініп, еншісін алғалы бері жалғасып келеді. Жохар Дудаев пен Руслан Аушев, Аслан Масхадов, Ахмат Қадыров пен Мұрат Зизяков елді басқарған тұста да бұл мәселе күрделене түскен. Міне Рамзан Қадыров пен Юнус-Бек Евкуровтың кезінде де жағдай шиеленісіп барып басылды. Сондықтан бұл мәселе, әр президенттің басқаруы тұсында күрделі проблемаға айналып отыратынын жоққа шығара алмаймыз.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір