• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:44:14
Алматы
+35°

25 Қазан, 2018 Әлеумет

Адамның жүрегі қыс кезінде көп ауырады. Неге?

Жыл сайын әлемде жүрек ауруынан 17 миллион адам өледі.

Біз әдетте жүрек ауырғанда оның себебін біле бермейміз, оған назар аудара қоймайтынымыз да шындық. Негізінен мамандар мұның әртүрлі себебі бар екенін айтады. Басқа жыл мезгілдеріне қарағанда, адамның жүрегі қыс кезінде көп ауырады екен. Неге?

Жақында Швецияның ғалымдары мұның жай-жапсарын нақтылап бергендей болды. Олар шведтің 50-89 жас аралығындағы 274 мың тұрғынының денсаулығын бақылап көрген. Нәтиже барысы көрсеткендей, қыс кезінде ауа температурасы 0 градустан төмендеген кезде жүрек  мазасыздана бастайтын көрінеді. Бірақ «мұның барлығы қысқы ауаның ластануы, экологияның нашарлығынан болуы мүмкін» деген тұжырымнан аулақ болу қажет. Ғалымдар атап көрсеткендей, жүрек сырқатына қыс кезіндегі ең негізгі фактор суық ауа райы көрінеді. Суықтың салдарынан да тамырдағы қан қоюланады,  жүрекке ауа жеткілікті дәрежеде бармайтын көрінеді. Оның үстіне адамдар қысқы уақытта тоңады, суық тиеді, сөйтіп тымауға жиі шалдығады. Бұл да адамның жүрек сырқатына ұшырау мүмкіндігін жиілетеді екен.  

Мамандар ауа температурасы шамамен +3+4 градус болғанда жүрек сырқаты белгілерінің  азаятынын да айтқан. Демек, дәрігерлер атап көрсеткендей, қысқы маусымда жылы киініп, сақтанып жүргеніңіз абзал.

Бірақ жақында Канадада өткен кардиологтардың жиынында мамандар әр 20 минут сайын тұрып, отырып, әр жеті минуттан соң  бөлменің ішінде жүру қажеттігін ескерткен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының есебінше, инфарк, инсульттің белгілері қазіргі кезде адам өлімінің басты белгілері болып отыр. Жыл сайын әлемде жүрек ауруынан 17 миллион адам өледі. Сондықтан бұдан құтылудың жалғыз жолы бар, әр минут сайын аз да болса,  қозғалыс керек. Шамадан тыс жүгіріп жүрекке салмақ түсіруге де болмайды.

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір