• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 19:36:43
+35°

25 Қазан, 2018 Саясат

Назарбаев зиярат еткен Карл Маннергейм кім?

Маннергеймның аты Кремльдің Георгий залының қабырғасында жазулы тұр.

Қазақстан Президенті Финляндияға ресми сапары кезінде Хельсинкиде осы елдің ұлттық батыры Карл Маннергеймның қабіріне гүл шоқтарын қойды.

Карл Маннергейм 1931-1946 жылдары Финляндияның әскери және саяси басшысы болған еді. Карл Густав Маннергейм 1867 жылы Финляндияның Турку қаласының маңында дүниеге келеді. Оның ата-анасы Швециядан шыққан аристократтар болды: әкесі барон Карл Роберт Маннергейм, оның анасы – графиня Хедвига Шарлотта Хелена фон Юлин болды. 15 жасында Карл әскери мансабын таңдады, Санкт-Петербургтің Николаев кавалерия училищесін үздік бітірді.

1891 жылы Карл Маннергейм кавалериялық полкке жіберілді, сонда ол әскери тәртіптің жақсы мектебінен өтті. Маннергейм әскери қызметті Польшада орналасқан 15-ші Драгун Александрия полкінде бастады және оны кавалерия полкінде жалғастырды. Император Николай II тойлау рәсіміне қатысқан. 1903 жылы Маннергейм Санкт-Петербург офицерлік кавалерия мектебіне қабылданды. Мұнда генерал Брусиловтың қадағалауымен Финляндия қарулы күштерінің болашақ маршалы үлгі командиріне айналды.

♦Финляндия 100 жылда жердегі жұмаққа қалайша айналды?

Көп ұзамай Маннергейм орыс-жапон соғысы басталғанда Қиыр Шығысқа жіберуге өтініш білдіреді. 1905 жылдың қыркүйегінде Ресей мен Жапония арасындағы бейбітшілік шартын жасасқаннан кейін Маннергейм Санкт-Петербургке оралады. 1909 жылдың басында Варшаваға жақын орналасқан 13-ші Улан полкінің командирі болып тағайындалады. Оған сеніп тапсырылған полкі дайындығы өте нашар әскери бөлімше деп саналды. Маннергейм жағдайды түзету үшін көп уақыт жұмсады. Дегенмен күнделікті өткізілетін 12 сағаттық сабақтардың нәтижесінде бір жылдан кейін оның полкі ең үздіктердің біріне айналды.

♦Түсте бір мызғып алған финнің қалтасы қалыңдай түседі

24 желтоқсан 1913 жылы Маннергейм Варшавада орналасқан бөлек күзет кавалериялық бригадасының командирі болып тағайындалды. Осы лауазымда ол Бірінші дүниежүзілік соғысты қарсы алды. 1914 жылы Маннергейм Польшаның Красник қаласын австриялық әскерлер қоршап алғанда батыл қорғауға бүкіл күш-жігерін салған еді. Ол қарсыластың  күштерін жеңіп қана қоймай, сонымен қатар 250 австриялық әскердің мен 6 офицерін тұтқынға алған. Маннергейм Грабук кентінің жанындағы қоршаудан шығып кетеді.

1916 жылдың басында ескі жаралар кесірінен Маннергейм Одесса қаласына емделуге кетуге мәжбүр болады. Келесі айларда оның денсаулығы жақсармады және Маннергейм отставкаға кету туралы шешім қабылдайды. 1917 жылдың қаңтарында Карл Густав өзінің туған Финляндиясына барады. 1917 жылдың ақпан айының аяғында Петроградқа оралған Маннергейм революцияның эпицентрінде болды және оны қабылдамады. Маннергейм барлық апатты жағдайда патшалық Ресейдің басшылығы большевизмге қарсы тұра алмайтындығын ескере отырып, Ресей армиясын тастап, Финляндияға қайта оралуға шешім қабылдайды. Енді Маннергейм барлық күш-жігерін өзінің туған Финляндиясының тәуелсіздігін сақтау идеясына жұмсайды.

Алғашында Финляндия әскерінің бас қолбасшысы лауазымын атқарады, содан кейін Финляндия мемлекетінің уақытша басшысы болады және тәуелсіз Финляндияның халықаралық танылуына күш салады. Маннергейм «Mannerheim Line» фин қорғаныс жүйесінің шығарушы ретінде тарихқа танымал. Кеңестік-фин соғысына дейін Маннергейм Финляндия мен Ладога шығанағы арасындағы бекіністі қалпына келтіруді бастайды. 135 километрге жуық қорғаныс белдеуі салынады. Кеңес-фин соғысында ол өзінің маңызды рөлін атқарды.

Маннергейм Финляндияның ұлттық мүддесін бәрінен жоғары қойды. 1942 жылдан бастап Карл Маннергеймның туған күні Финляндияда фин армиясының күні ретінде тойланады. Маннергейм Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстарда үлкен шеберлікпен қарсыластардың қарама-қайшылықтарын пайдаланған саясаткер және екі жақтың наградаларын алған тарихта жалғыз адам. Маннергейм Финляндияның ең жоғары атағы – Финляндияның Маршалы атағына ие болған жалғыз адам болды. Маннергеймде барлығы 123 орден болған және басқа да мемлекеттік марапаттар, соның ішінде Георгий кресті және 1918 жылға дейін Ресейдің барлық әскери марапаттары. Маннергеймның аты Кремльдің Георгий залының қабырғасында жазулы тұр.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір