• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:11:08
+35°

26 Қазан, 2018 Саясат

Қандай сорлы, бейшара елміз? Комсомолдың 100 жылдығы енді ауыл-ауылдарға көшті. Тойлап жатыр, тойлатып жатыр. Семейде, Атырауда, басқа аймақтарда...

Қартайған аға буын жас ұрпақтың санасын улап жатыр. Сұмдық қой.  Қалай ел боламыз? Болатын ел болашаққа қараушы еді?! Біз артымызға қараймыз. Қазақты қан қақсатқан коммунистердің бел баласы комсомолдың 100 жылдығын тойлау әлі жер-жерде жалғасып жатыр. Бұл рухани жаңғыру ма? Бүйтіп, жаңғырмай-ақ қояйық.

Кеңестік жүйеге адал қызмет  еткен аға коммунистердің бүгінгі тірлігін қалай ақтап аламыз?! Қайтпек керек?

♦О, комсомол, сен әлі тірі ме едің?!

♦Тағы да комсомол, тағы да Ленин!

Билік басындағы бұрынғы коммунистерден құтылмай, сана тазармай, жүзжылдықтарды тойлау жалғаса береді. Осылай құлдық психологияда жүргеніміз жүрген!  Мемлекетті дамытудағы ұлттық идеология жоқ жерде қажетсіз ұранды ұлтқа қатысы жоқтар көтереді.

Бүгінгі біздің билікке өзіне ешқашан қарсы шықпайтын осындай коммунистер керек. Оларға Косарев пен Ахметбековтың қызыл жалауы жақсы. Бүйректен сирақ шығармай, мәселе көтермей, қарсы келмей, есептегі партия болып парламентте жүргені дұрыс!

Намысың келеді. Біз қай елде тұрып жатырмыз? Кеңес Одағының мұрагері Ресейде, Путиннің елінде ме? Жоқ, Қазақстанда ма?

Украина бүкіл коммузимнің елесінен, күн көсем Лениннен құтылды. Елдегі мыңдаған ескерткіштерді алып тастады.

Кеңестік кезеңде оқыған азаматтар жақсы біледі, баяғыда «Ана тілі» оқулығында:

«Мойнымда – қызыл галстук,

Мектепке қарай жүгірдім», –деген өлең жолдары бар еді.

...Ал тәуелсіздік алған Қазақстанның бүгінгі баласы 27 жылдан кейін комсомолдың 100 жылдығында мойнына  тағы қызыл галстук байлады. Біз ауылдағы мектепте санасы таза қазақ баласын улап, мойнына қанның табы қалған қызыл галстукты байлап жатырмыз.

...Қылқындырып жатырмыз!

Құралай Қуат (фото)

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір