• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 11:23:51
Алматы
+35°

26 Қазан, 2018 Әлем

Каддафидің «қолдауын» көрген Николя Саркози Париж сотының алдында тізе бүкпек

Францияның бұрынғы президенті ливиялық лидер Муаммар Каддафиден 2007 жылғы сайлау кампаниясын ұйымдастыру үшін ақша алды деп айыпталып отыр.

Париждің апелляциялық соты Франция президенті Николя Саркозидің сайлау кампаниясын заңсыз қаржыландырғаны туралы ісін сотқа жеткізбеу туралы өтінішін орындамады. Reuters-тің дерегіне сүйенсек, экс-президентпен қатар 13 адам сот алдында жауап тартылмақ.

Саркозидің президенттікке қайта сайлану жарнамасын жүргізген жарнамалық агенттік Bygmalion. Тергеушілер агенттік қызметкерлі өтірік түбіртектерді пайдалана отырып, президенттік кампанияға жұмсалуы тиіс қаржының мөлшерінен асырып жұмсаған. Әңгіме 22,5 миллион евро жайында. Тергеу ісінің мәліметіне сәйкес, Саркози мен оның «Халықтық қозғалысты қолдау бойынша Одақ»  партиясы шын мәнінде 40 миллион евро жұмсаған.

Сонымен қатар Францияның бұрынғы президенті ливиялық лидер Муаммар Каддафиден 2007 жылғы сайлау кампаниясын ұйымдастыру үшін ақша алды деп айыпталып отыр.

♦Каддафидің өліміне кім кінәлі?

♦Каддафидің ұлы әкесінің жолын қумақшы

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір