• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 03:36:15
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

29 Қазан, 2018 Әлеумет

2040 жыл: Ең ұзақ өмір сүретіндер –испандықтар

2040 жылы әлемдегі ең ұзақ жасайтын халық испандықтар болып есептелінеді.

Осы уақытқа дейін әлемде ұзақ өмір сүретіндер жапондықтар болып келді. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштің өзгеруі мүмкін бе? Әбден мүмкін.

Ағылшынның The Sun басылымының зерттеуіне назар аударсақ,  22 жылдан кейін бұл нәтиже өзгеруі ықтимал. Басылымның жазуына қарағанда, 2040 жылы әлемдегі ең ұзақ жасайтын халық испандықтар болып есептелінеді. Денсаулық жағдайын бағалау институтының зерттеуіне сенсек, испандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен алғанда, сол кезде 85,8 жасты құрайтын болады. Қазір бірінші орында келе жатқан жапондар 85, 7 көрсеткішпен екінші орынға сырғиды. Ал испандықтардың ұзақ жасауының сыры неде?  Мамандардың дәлеліне сенсек, олар ет пен жұмыртқаны аз жеп, болашақта балық, жемістер мен көкөністерді көп тұтынатын болады.

Әлемде ұзақ жасау жөнінен үшінші орынға сингапурлықтар шығып, төртінші орын Швейцарияда тұратын ұлттардың еншісіне тиеді. Онан кейінгі орындарды Италия, Израиль, Франция, Люксембург пен Австралия тұрғындары алады.

Ал қазақстандықтардың көрсеткіші қандай? Біздің елде қазіргі кезде өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен алғанда, 72, 4 жасты құрап отыр. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір