• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:15:41
Алматы
+35°

29 Қазан, 2018 Саясат

Азулы ақын Айтақын «Алатау» газетінің үш бетін комсомолдың 100 жылдығына арнады

Жетісу өңіріне тарап жатқан аймақтық басылым бүтіндей бір санының үш бетін комсомолдың 100 жылдығына арнады.

Комсомолдың 100 жылдығы Алматыдан бастау алғаннан кейін аймақтарға да ауыса бастады. Қазір жер-жерде қызыл комсомолдың мерейтойы салтанатты түрде  тойланып жатыр. Бәрінен бұрын, мойнына қызыл галстук байлап алған балалар кімнің тойы, бұл жерде кімнің мүддесі тұрғанын біліп те тұрған жоқ. Кешеден қалған әміршіл-әкімшілік коммунистік жүйенің жандайшап баласы комсомолдың 100-ге толғаны  еңсесін көтерген елге бүгін керек пе, еді?  «Тәуелсіздік тұғырымызға қонды» деп қуанып жүрсек, жастардың кешегі «көсемдерін» аңсайтындар бар екен. Кеше Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы өңірде комсомолдың 100 жылдығын тойлауға тыйым салды. Жас ұрпақтың санасын уламай, мәселенің алдын алғаны үшін үлкен рахмет, оларға! Бірақ...

Алатау газеті

Бүкіл әлеуметтік желі шулап, жұртшылық алаңдап жатқанда, Жетісу өңіріне тарап жатқан аймақтық басылым бүтіндей бір санының үш бетін комсомолдың 100 жылдығына арнады. Ең өкініштісі сол, естіп, білгеніміздей, «Алатау» атты аймақтық газеттің бас редакторы айтулы ақын Айтақын Бұлғақов екен. Жұрт қазақтың қанын жүктеген комсомолдан жеріп жатқанда, атақты ақын Айтақынның «Жетісу жастарының көсемдері» деп айқара бетке мақала басқаны несі?!

Алатау газеті

Әріптестерден сұрап білгеніміз, аймаққа тарайтын «Алатау» басылымы «Алматы –болашақ» акционерлік қоғамы Талдықорған филиалының газеті болып шықты. Ең бір қызығы, «Жетісу жастарының көсемдерінің» қатарында Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев та  суреттерімен  жүр.

Алатау газеті

Иә, олар бұрын, яғни кеңестік кезеңде коммунистік жүйеде, комсомолда қызмет істеген шығар. Бірақ комсомол мен «Нұротанды» қиыстыру қаншалықты қисынға келеді?! Бүгінгі жас ұрпақ қабылдай алмайтын «елесі» де есте қалмаған өткен қоғамды жаңғырту кімге керек?

Алатау газеті

...Не жазсақ та, не істесек те, ойлансақ етті?!

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір