• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Шілде, 10:02:22
Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

31 Қазан, 2018 Тағайындау

"Қазконтенттің" бұрынғы басшысы Евгений Кочетов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін білетін полиглот Евгений Кочетов өзінің фейсбук парақшасындағы оқырмандардан сүйінші сұрады.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін білетін полиглот Евгений Кочетов өзінің фейсбук парақшасындағы оқырмандардан сүйінші сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылдың 12 мамырынан 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін «Қазконтенттің» басшылық қызметін атқарған ол «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары атанды. Аталмыш институт екі жыл бұрын Елбасы Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Институт «Нұр Отан» партиясының басты сараптамалық орталығы болып саналады.

Экономика ғылымының магистрі Евгений Кочетов «Нұр Отан» партиясында әр түрлі қызметте төрт жыл еңбек атқарған азамат. «Қазақстанның келбетін өзгерткен сөздер» кітабының авторы Кочетов мырза Қазақстан Республикасы президентінің алғыс хатын да алғанын еске салайық.

Кочетовтің қысқаша өмірбаянына тоқталып өтсек:

Кочетов Евгений Дмитриевич Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі.

2009-2013 аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы қызметтерін атқарған.

2013-2014 жылдары «Цесна» Корпорациясы» АҚ Девелопмент бөлімшесін басқарған.

2014-2016 жылдары ТОО «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарма директоры болған.

2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 12 мамырына дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Орталық коммуникациялық қызметі» РММ директоры қызметін атқарған.

2017 жылдың 12 мамырынан 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір