• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:05:08
Алматы
+35°

31 Қазан, 2018 Саясат

Саакашвили Грузияға қайта оралды. Енді ел тағы бүліне ме? (видео)

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили екінші турға өткен жақтасын қолдау үшін Грузияға ұшып келді.

Жексенбі күні Грузияда өткен президенттік сайлауда тәуелсіз кандидат  Саломе Зурабишвили мен Григол Вашадзе екеуі шамалас дауыс алып, екінші турға өтті. Оның біріншісі қазіргі биліктің  атынан ұсынылған адам болса, екіншісі Григол Вашадзе  –оппозицияның өкілі. Нақтылай  айтқанда, ол Михаил Саакашвилимен көзқарасы үндес үміткер болып отыр. Осыған орай кеше Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили өз жақтасын алдағы өтетін екінші турда қолдау үшін Грузияға ұшып келді.

Сарапшылардың айтуына қарағанда, енді Грузиядағы жағдай шиеленісе түспек. Өйткені осыдан екі күн бұрын елдің Қорғаныс министрі Ираклии Окруашвили біріккен оппозициялық күштердің жағына өткеннен кейін «жемқорлыққа қатысы бар» деген желеумен дереу қамауға алынды. Ол «Грузияның қазіргі президенті Георгий Маргвелашвили қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек» деп сенсациялық мәлімдеме жасады. Оны қолдап, алаңға бірнеше мыңдаған адам шықты.  Қамауға алынған Қорғаныс министрі Ираклии Окруашвилидің Саакашвилидің адамы екенін ескерсек, таяудағы күндері елдегі жағдай күрделене түспек. Ақиқатына келгенде, қазіргі таңда тұтқынға алынған Қорғаныс министрі елдегі ең беделді саяси фигуралардлың бірі.

♦ Назарбаев Саакашвилидің қолына қамшы ұстата ма?

♦ Жолы болмаған президент

Ал АҚШ-қа бара жатқан сапарынан бас тартып, Грузияға оралған экс-президентке қазіргі билік не істей алады? Егер Саакашвилиді қамауға алса, онда оппозицияның толқуы басталайын деп тұр.

Енді аздаған күнде елде талай нәрсе белгілі болады. Саакашвилидің қайта оралуымен оппозицияның ықпалы күшеюі мүмкін. Аяғын күтейік.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір