• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:29:32
+35°

01 Қараша, 2018 Саясат

Содырлар сойқан салатын ел  аталды

Осы аптаның басында АҚШ-тың National Interest басылымы ДАИШ содырларының құрбанына айналатын келесі елді атады

Әлем әлі үрей құшағында. Сирия мен Ирак жерінде азаматтық соғыс жүріп жатыр. Тыныштық жоқ.  Санасы уланған содырлар адам баласының қанын судай ағызуда. Лаңкестік әрекеттен құрбан болғандардың жазығы жоқ, әрине. Бірақ содырлардың салған сойқанынан адамзат қашан құтылады? Бұл жалпы әлем үшін алаңдайтын жағдайға айналып отыр. Үрей бар.

Осы аптаның басында АҚШ-тың National Interest басылымы ДАИШ содырларының құрбанына айналатын келесі елді атады. Ол қандай мемлекет?  Басылымның жазуына қарағанда, Иордания елі содырлар шабуыл жасайтын  келесі елге айналмақ. Мұның себебі неде? Неге басқа емес, Иордания аталып отыр? Сарапшылардың сөзіне назар аударсақ, ДАИШ лаңкестеріне қатысты қазір Иордания билігі өте қатал саясат ұстанып отыр. Оның үстіне қазіргі кезде Сирия мен Ирак аймағында Иорданияның үш мыңнан астам адамы соғысып жүр. Ал олар елге оралса, қазіргі билік ешкімді кешірмейді. Соттайды, ату жазасына кеседі. Бұл бір. Екіншіден, қазіргі кезде елде әлеуметтік-экономикалық жағдай өте ауыр. Жұмыссыздық көп. Биліктің басқаруы әлсіз. Діни экстремистік ұйымдардың белсенділігі артып барады. Мұндай жағдайды лаңкестер тиімді пайдалануы иүмкін.

Кейінгі кезде Ирак жерінде соғысып жатқан содырлар да жеңіліске ұшырады. Сондықтан олардың барар жері, басар тауы жоқ, Амалдың жоғынан олар елге оралады. Мұндай жағдайда лаңкестер мемлекеттің қауіпсіздігіне орасан зор қауіп тудырады.

Қазіргі таңда Иорданияда шамамен 9,5 миллион адам тұрады. Ал Сирия жерінен қашқан босқындардың саны 658 мың шамасында. Олардың да жағдайы мәз емес. Сондықтан олар да ақшаға жалданып, содырлардың сапына қосылып кетуі ықтимал.

2018 жылдан бастап, Иордания аймағында діни экстремизим мен лаңккестік әрекеттер өршіп, қауіп күшейіп келеді. 2018  жылдың тамыз айында терактінің салдарынан төрт әскери адам қаза тауып, 16 тұрғын жараланды. Кейіннен бес содыр ұсталды. Олар тұратын пәтерден әртүрлі жарылғыш заттар табылған.

Қазір Иорданияда барлық қауіпсіздік шаралары жасалып жатыр. Бірақ лаңкестер ойламаған жерден шабуыл жасайды ғой. Демек, мұндай оқыс оқиға мен әрекеттің алдын алған да  дұрыс.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір