• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:12:15
Алматы
+35°

01 Қараша, 2018 Саясат

Бейтарап елдің бақытты президенті бейшара халқын ойлай ма? (видео)

Түрікмен президентінің түріне қарасаң,  ел тұрғындары бақытты өмірді бастан кешіп жатқан сияқты.

 «Түрікмен төрін бермейді» деуші еді. Солай болып тұр, шындығында. Түрікменстанның президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов жақында 520 мың долларға сатып алған көлігін сынақтан өткізді. Ал халқы болса, кедей. Дүкенде нанның кезегіне тұрғандар көбейіп барады. Кейбір әңгімелерге қарағанда, бұрын тегін пайдаланылып келген электр қуаты мен «көгілдір отын» енді ақылы болып жатыр. Соған қарағанда, бар-жоғы 4-5 миллион халқы бар мемлекетті асырау оңайға соқпай тұрған сияқты.

Бірақ Гурбанғұлы Бердімұхамедовтың жағдайы жақсы. Жақында өзі сатып алған көлікті қайтадан жөндеуден өткізді. Түрікменнің құм жолында бағын сынап та көрді. Ылди мен қырға қиналмай шығатын автокөлік Президент Бердімұхамедовке ұнаған сияқты. Аз-кем жөндеуден кейін түрікмен басшысы осы көлікпен «Амуль-Хазар» авторалли жарысына қатысып  көрмек.

Түрікмен президентінің түріне қарасаң,  ел тұрғындары бақытты өмірді бастан кешіп жатқан сияқты. Түрікменнің ақалтеке арғымағына мініп, авторалли жарысына қатысуға дайын отырған президент өткенде  тағы да бала-шағасымен бірге «Аваза» туристік аймағына барып, демалып қайтты.

♦ Түрікменстанда тағы да нан жоқ

♦ Түрікменстан билігі азық-түлік карточкаларын енгізуге жақын

«Бұл демалыстан кейін біздің патшаның шығармашылық қуаты артып, дүниеге ғаламат туындылар әкелетініне сеніміміз асамол. Жасай берсін, біздің Аркадаг», –деп жазды «Хроника Туркменистана» басылымы. Гитарада шебер ойнап, жанынан ән шығаратын Бердімұхамедовтың аңыз ғып айтар мұндай «айшықты істері» өте көп.

«Былтыр елдегі қара машиналарды түгелдей ақ түске боятқан «Аркадаг» қазір ойына келгенін істеп жүр» десек, қателеспейміз.

...Бейтарап елдің бақытты президенті бірақ жеке басқа табынған халқының бейшара тағдырына алаңдай ма екен?!

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір