• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Қараша, 21:06:15
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

04 Қараша, 2018 Спорт

АИВА сайлауында Серік Қонақбаев Рахимовтан ұтылып қалды

Конгресс делегаттарының дауыс беру кезінде қазақ боксшысы аз дауыс жинап, ұтылып қалды

Мәскеуде өткен конгресте  Халықаралық әуесқой боксшылар  қауымдастығының  (АИВА) президенті болып Ғафур Рахимов сайланды. Ал бұл бәсекеге сонымен қатар, Азия конфедерациясының президенті, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев та қатысқан болатын. Алайда ол осы сайлауда өзімен бәсекелес болған Рахимовтан ұылып қалды. Конгреске келген 134 делегаттың 86-сы Ғафур Рахимовты жақтап дауыс берді. Сөйтіп АИВА- президентінің міндетін атқарушы болып қызмет істеп келе жатқан өзбек жеңіске жетті. Ол енді 2022 жылға дейін аталған қауымдастықты басқаратын болады.

Ескерте кетейік, сайлауға бірнеше күн қалғанда Серік Қонақбаевтың талап-арызы қанағаттандырылғаны белгілі. Спорттық арбитраждық соты (CAS) оған АИВА президенттігіне үміткер ретінде қатысуға рұқсат берді. Бірақ..

Өкінішке қарай, конгресс делегаттарының дауыс беру кезінде қазақ боксшысы аз дауыс жинап, ұтылып қалды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір