• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:41:38
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 Дәстүр

"7-20-25" сертификаттары кімге және қалай беріледі?

«Баспана» ипотекалық ұйымы «7-20-25» бағдарламасы бойынша сертификаттардың қалай берілетіні туралы айтып берді

«Баспана» ипотекалық ұйымы «7-20-25» бағдарламасы бойынша сертификаттардың қалай берілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков субсидиялау бойынша әкімдіктің қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

«Бұл дегеніміз қайтарымсыз түрдегі әлеуметтік көмек пен ұзақ мерзімдегі пайызсыз несие. Пайызсыз несиені әкімдіктің өзі тарататын болады немесе әкімдіктің құрылымы бойынша есеп беріледі», - деді Алтынбеков.

Оның сөзіне сенсек, негізінен азаматтар табысын нақтылап, төлей алатынына сенім білдірмесе, оған несие берілмейді.

Сертификаттардың таратылуы жағдайды жақсы жағынан өзгертуге тиіс. Тұрғын үй бағдарламасының операторы әкімдіктерге алғашқы жарнаның 50 пайызын субсидиялауды ұсынды.

Бұған қоса Алтынбеков әкімдіктердің өзімен байланысты кей алаңдаушылық тудыруы мүмкін мәселелерді түсіндірді.

Алтынбековтің айтуынша, субсидиялауға байланысты соңғы сөзді облысқа, өңірге тиесілі.

Әр жағдайдың өз картинасы болады.

«Кейбір өңірлер, мәселен Шымкент пен Ақтөбе облыстары жас отбасылар, қаржы саласының қызметкерлеріне («Жас арман» өнімдері және «Қамқор баспана») қаржылық жеңілдіктерге арналған келісімдер жасалып, қол қойылды», - деді басқарма басшысы.

Айтуынша, жоғарыда аталған өңірлерде қарастырылған жеңілдіктер үшін тиісті қаражат бар. -Алдағы жоспар – елдің барлық өңірінде осындай келісімдерді жасау. Әрі Алтынбеков «7-20-25» сертификаттарын әлеуметтік және бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің алатынын айтты. Мәселен, дәрігерлер, мұғалімдер және полицей мүшелері.

Ал қаржыны беру туралы соңғы шешімді әкімдік шығарады. Әкімдікте сертификаттың кімге, қандай жағдайда берілетінін анықталады. Айта кетерлігі, сертификат беру процедурасы әр ауданда әрқалай жүруі мүмкін.

«Баспана» ипотекалық ұйымы басшысының сөзінше, сертификаттың орташа номиналы 1 миллион теңгені құрайды, алайда қаражат бұдан аз немесе көбірек болуы әбден мүмкін. Әзірге 50 мың сертификат таратылады, бірақ көбісінде түзетулер ескерілмеген.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша қазақстандықтардың белсенді еместігін сынаған болатын. Әрі халыққа тиімді етудің жолдарын ойластыруды, жүзеге асыруды тапсырды. Осыған орай шенеуніктер де құр жатпады. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін 50 мыңға жуық тұрғын үй сертификаттары шығарылатын болады. Ал биыл жылдың аяғына дейін жалпы саны 10 мың сертификат қазақстандықтарға берілмек.

бұған дейін де алғашқы жарнаны азайту мақсатында шаралар қолданылған. Қыркүйекте «7-20-25» бағдарламасы аясында «Жас арман» мен «Қамқор баспан» өнімдері әзірленген еді. Ал енді осы өнімдер біріктіріліп, алғашқы жарнаны жеңілдету мақсатында 1 миллион теңгелік сертификат әзірленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір