• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

06 Қараша, 2018 Әлеумет

Өліп қалған ССРО-ның картасы Көкшетаудың төрінде ілулі тұр

Біреуге бұл түк емес шығар, бізді өлтірсе, немқұрайлылық өлтіреді!

Өткенде комсомолдар өткенін жырлап, халықты әбігерге салып еді. Енді міне тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл өтсе де, ССРО-ның картасы Қазақстан төрінде әлі ілулі тұр. Мұны қалай түсінуге болады? Бұл ССРО-ға қайта оралу ма? Құлдық санасы әлі тазармаған Қазақстан билігі неге құрдымға кеткен мемлекеттің картасын төрімізге іледі? 27 жыл өтсе де,  оны неге алып тастамаған?

Фейсбук парақшасында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жариялаған көрініс бүгінгі биліктің сиқы қандай екенін көрсетіп берді. ССРО-ның картасы  қашанғы көзге сүйел болып тұра береді?  Ақмола облыстық әкімшілігі қайда қарап отыр? Аймақ басшысы Мәлік Мырзалин әкім болып ел аралап, «Қазақстан темір жолының» Көкшетау вокзалына кіріп көрді ме екен?! Кірсе, вокзалда ілулі тұрған өлген елдің картасын,  ондағы қазір  Назарбаев басқарып отырған Қазақстанды көрер еді?

«Тіпті Көкшетаудың автовокзалында Лениннің басы бар карта тұр»,- дейді. Сұмдық қой.

...Біреуге бұл түк емес шығар, бізді өлтірсе, немқұрайлылық өлтіреді!

****

С Днем 7 ноября !!! 
И не было этих 27 лет Независимости -
Казахстан все еще на карте в границах СССР. 
Акимату Акмолинской области надо бы обратить на это внимание. 
Или это такой тур маршрут "Назад в Советский Союз"

 Мурат Абеновтың фейсбуктегі парақшасынан

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір