• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:59:17
Алматы
+35°

07 Қараша, 2018 Әлеумет

Қазақ тілі тоқалдан туған ба? Теннің баннерінде қазақ тіліне орын табылмады

Денис Теннің құрметіне, оның туып-өскен үйіне мемориалды тақтаны орнату шарасындағы баннерде орын табылмағаны ұят...

Бүгін Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туып-өскен үйінде мемориалды тақта орнатылды. Оған спортшының ата-анасы, достары мен Денис Тенді құрметтейтін азаматтар жиналды. Мемориалды тақтаның салтанатты орнатылу шарасына Денис Теннің Ресейден әріптестері мен жаттықтырушылары келді. Олардың арасында  ССРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі ССРО спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген артисы Татьяна Тарасова да бар.

Бәрі жақсы, бәрі дұрыс. Бірақ, мемориалды тақтаны салтанатты түрде орнату шарасында қойылған баннерде қазақ тілінде бір ауыз сөз болмағаны қынжылтты. Бұл жерде Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы неліктен орындалмай отыр? «Бұл мемориалды тақтадағы жазуды Ресейден келген қонақтар түсінсе болды» деген ұғымды білдіре ме?  

Баннердегі орыс тілінде жазылған мәтінде қате кеткеннен кейін орыстар орнынан өре түрегеліп шуласты. Қате жіберген мекеменің кешірім сұрауын талап етті. Кешірім сұратты да. Грамматикалық қатенің кеткенін кешірмеді. Орыстар ана тілі үшін жаны ашыды, өз құқығын талап етті. Кеткен қателікті жылы жауып қоймады.

переписка

переписка

переписка

Ал баннерде қазақ тілінде бір ауыз сөз жазылмағаны үшін кім кешірім сұрайды? Бұл жерде мәселе қатеден де тереңірек, яғни баннерде қазақ тіліне мүлде орын берілмегенінде болып тұр емес пе? Орысша мәтінде кеткен қателігі үшін баннерді жасаған мекеме кешірім сұраса, баннерде қаза тілінде мәтін болмағанына шараны ұйымдастырған ұйым түсініктеме беріп, кешірім сұрауын талап етеміз.

Денис Тен Ресейде, шетелде жаттықса да, ол – Қазақстанның спортшысы. Қазақстанның азаматы. Спорт додасына да біздің еліміздің  атынан шығып, Қазақстанның туын көкте желбіретті. Бірақ Тен абыройын асырған мемлекеттің тілі неліктен елеусіз қалды?

Ресейден келген қонақтар баннерде бірде-бір қазақ тілінде сөз болмағанына миығынан күліп кеткен болар.

Бұл ретте тек Ресей емес, әлемдік мұз айдынының ханзадасы Денис Теннің құрметіне, оның туып-өскен үйіне мемориалды тақтаны орнату шарасындағы баннерде мемлекеттік тілге орын табылмағаны ұят...

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір