• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Шілде, 16:13:34
Алматы
+35°

13 Қараша, 2018 Әдебиет

 

«Предки,

В бою поддержите меня под мышки.

Одинокое дерево не обойду.

Я повешу аркан

на кривом суку.

Я не первым

В последнем бою упаду.

Кто не знает мою золотую саку?..»

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ.

 

І.

 

Олжастың сөзі – орыс,

Өзі – қазақ!

Тамырына танымы,

Терең, таза-ақ...

 

Олжастың ойы – орыс,

Сойы – қазақ!

Бойлай алмас тексізің,

Ойына сап...

 

Олжастың тілі – орыс,

Жыры – қазақ!

Алжастық ұлымыздан,

«Ұры» жасап...

 

Олжастың жұрты – орыс,

Ұлты – қазақ!

Таланты мен талғамы,

Тұрқы қазақ.

 

Олжастың «жаны» – орыс,

Қаны – қазақ!

Қазақтық құн сұйылар,

Танымасақ?!.

 

Олжастың төрі – орыс,

Төлі – қазақ!

Қыпшақты аспандатқан,

Бөрі қазақ.

 

Олжастың жары – орыс,

Бары... – қазақ!

Жусанның исі сіңсе,

Бәрі қазақ!

 

ІІ.

 

Әрбір жолы...

сілкілеген жыр мына...

(Уәж айтпа –

Бұра тартар...

сырғыма...)

«Ақ шалғыдан аунап түскен орнына,

Шөптің иісі келсін десең мұрныңа...»

 

Нағыз қазақ...

Тұлпар мінез тебініп...

Атой салар шеп те бұзып...

шегініп...

«Шөл далаға айдың нұры төгіліп,

Буралар жүр інгендерге емініп...»

 

ІІІ.

 

...Олжағам ойда туды орыс басқан...

(Ойпаңда ойлы-ойсыз шалыс басқан...)

Жасынан жат-жадағай былдыр шығып,

(Еріксіз есіл тілден...

«алыс қашқан»...)

 

Тұнықсыз...

тұманданып тұрады елес.

Саясат...

Дарындының сұрағы емес.

Сергелдең, сартап кезең үкімі үшін,

Ешкімнің жеке басы... –

Кінәлі емес!

 

Әділет... –

азап соқпақ...

Ұзағын-ай...

Ауысар қызарып Күн, қызарып Ай!

Қыпшақта тіл безеген білгірлер көп,

Ұлықсың...

құрығы ұзын, ұзаным-ай!

 

Нар көкем!

Өр кеуделі, еркек текті.

Баянсыз, берексіз тер төкпепті.

«Сөз басы...

Қыпшақтардың еншісі» – деп,

Орманның бар ғылымын өртеп кетті...

 

(Сырғақтың жалдау-жаны жылымаған,

Белгілі құбылмалы сыры маған...)

Орай тауып Жаратқан...

ормансыз-ақ,

Ырысы ыңыранар Ұлы Далам!

 

Көненің көсем сөзі –

жарқын бата.

Алқауға қандырғанда алқымдата!

Ананың тілі сіңген қан-жанына,

Әр қазақ... –

Жарқыраған алтын сақа!

 

...Алтын сақа – алаштың ескергені...

(Алды – жөн, арты – соқпақ...

Дес бергені...)

Сүрінгенді сүйеген... –

серке қылық,

Кешірім...

Құлатпаған еш пендені!

 Мыңжан Байжанин,

18 мамыр 2018 жыл.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір