• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:13:09
Алматы
+35°

14 Қараша, 2018 Кәсіпкер

Қазақстандық 25 онлайн-басылымға оқырмандар аудиториясын талдауға арналған Chartbeat құралын тегін ендіріп, отандық нарықта бірінші болып қолдануға мүмкіндік берілмек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан Баспасөз клубына" сілтеме жасай отырып.

Байқау аясында іріктеу кезінде республикалық және өңірлік БАҚ-тан 50-ден аса өтінім келіп түсті. Қазақстандық медиа сарапшыларынан тұратын Қамқоршылар кеңесі өтінімдерді бағалап, ең лайықты деген үміткерлерді іріктеп шықты. Нарықтағы жұмыс тәжірибесі, сайттағы күнделікті жарияланымдар саны, жарияланымдарда діни және қылмыстық тақырыптардың болмауы сынды өлшемдер бойынша бағалау жүргізілді.

«Ұзақ уақытқа созылған қызу талқылаудан соң, Қамқоршылар кеңесінің мүшелері дауыс беру арқылы жобаға қатысатын 25 онлайн-басылымды анықтады. Бұл басылымдар тек Астана мен Алматыдағы ғана емес, сонымен бірге өңірлердегі әртүрлі тақырыпта, бағытта, әртүрлі тілде шығатын, әртүрлі аудиториямен жұмыс жасайтын БАҚ болып табылады. Таңдап алынған БАҚ Қазнеттің жағдайын көруге мүмкіндік беретін қазақстандық онлайн-медианың кесіндісі болып табылады. Жобаға қатысу арқасында олар өз аудиториясын жақсы түсініп, онымен жақсырақ өзара әрекеттесіп, сәйкесінше жарнама берушілерді кеңінен тартып, кіріс көзін арттыруға мүмкіндік алатындығына сенімдімін», - деп атап өтті жобаның Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Михаил Дорофеев.

21 қараша күні Алматыда Қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған XI «Media Құрылтай 2018» республикалық конференциясы аясында медиа қауымның Chartbeat өкілдерімен кездесуі өтеді.

  1. Atameken Business Channel
  2. Informburo
  3. Tengrinews.kz
  4. Massaget.kz
  5. Kazinform
  6. Qazaqstan
  7. 24.kz
  8. Baq.kz
  9. Baribar.kz
  10. Bnews.kz
  11. Qamshy.kz
  12. Astana TV
  13. Aikyn.kz
  14. Steppe
  15. Egemen.kz
  16. Kursiv.kz
  17. Vlast.kz
  18. Литер
  19. Алаш Айнасы
  20. Алау ТВ
  21. Диапазон
  22. Ult.kz
  23. Exclusive.kz
  24. Vesti.kz
  25. Экспресс К

Іріктеуден өткен 25 онлайн-басылым енді Ортақ есептегішті (панель) құрып, осының арқасында жарнама берушілер сайттың танымалдығы жайлы сенімді ақпарат алатын болады. Жоба қатысушылары Ортақ есептегіште қандай көрсеткіштердің көрсетілетінін дауыс беру арқылы өздері шешеді.

Бір айта кететіні, озық онлайн-метрикаларды қолдануға арналған жоба Қазақстанда 2018 жылдың қазанында іске қосылды. Жоба операторы – Қазақстан Баспасөз клубы. Жоба Қазақстандағы АҚШ Елшілігі арқылы Инновациялар қоры есебінен қаржыландырылады. Жоба іріктеуден өткен 25 БАҚ-қа бір күнтізбелік жыл ішінде Chartbeat құралдарын тегін қолдануға мүмкіндік береді. Екінші жылы Chartbeat  жобаның бірінші жылына қатысқан 25 БАҚ-қа 70%-дық шегерім ұсынады. Оның үстіне, жоба қатысушылары компания өкілдерінен кеңес алып, оқудан өте алады.






 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір