14 Қараша, 2018 Ғылым-білім
Арыстанбек Мұхамедиұлы диктант жазды
Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша республикалық акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды және оған шамамен 2 млн.қазақстандық қатысты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында 2018 жылғы 14 қараша сағат 11.00-де (Астана уақыты бойынша) республика бойынша латын графикасы негізіндегі «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті деп хабарлайды.
Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша республикалық акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды және оған шамамен 2 млн.қазақстандық қатысты. Диктант бір уақытта республика бойынша өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда өткізілді.
Сондай-ақ қашықтықтан қатысуға ниет білдірген республика тұрғындары үшін диктантты тыңдау сағат 11.00-де (Астана уақыты бойынша) «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиоларының тікелей эфирінде және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында қолжетімді болды.
Жалпыреспубликалық акция жаңа қазақ әліпбиін насихаттауға, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыдан меңгеруге дағдыландыруға бағытталған болатын.
Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, жалпыхалықтық диктант қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Жалпыхалықтық диктантты өткізу бастамасын белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, спортшылар, сонымен қатар мәдениет және өнер саласының тұлғалары да қолдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында диктантқа белгілі қоғам қайраткері, ақын-жазушылар Роза Мұқанова, Қонысбай Әбілов, қазақстандық әртістер Майра Мұхамедқызы Тұрар Әліпбаев, Нұрболат Арзамас, Бақтияр Адамжан, спортшылардан Ұлан Рысқұл, Серік Ақтаев, Айбек Оралбай, Әйгерім Әбілқадырова және басқа да белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір