• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қараша, 00:49:00
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қараша, 2018 Саясат

Аралға қатысты айқас: Абэ Путинді көндіре ала ма?

Келер жылдың басында Ресейге Синдзо Абэнің ресми сапары басталады.

Жапония Кунашир, Шикотан, Итуруп және  Хабомаи аралдарын қайтарып алғысы келеді. Бірақ оны жапон еліне түпкілікті беру туралы ойынан Кремль әлі күнге дейін айныған жоқ.  

Дегенмен кейінгі кезде аталған аралдарды өз елінің меншігіне алу туралы Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ жиі-жиі мәселе көтеріп жүр. Жапондықтар 1855 жылы қабылданған Сауда және шекара жөніндегі екіжақты трактатқа арқа сүйейді. Алайда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі келісім бойынша аталған төрт арал ССРО -ның құрамына өткені белгілі. Бірақ ол кезде орыс пен жапон арасында шекараларды белгілеу туралы келісімшарт жасалған жоқ. Сондықтан ресми Токио «1956 ССРО мен Жапония арасында қабылданған және қол қойылған бейбіт келісімді қайта қарау керек» деп есептейді. Бірақ бұл аралдарды  Ресейдің бере қояр түрі жоқ. Неге? Өйткені Мәскеуде  бір қорқыныш бар: «Ресей тарапы егер аталған аралдар Жапонияның меншігіне өтсе, болашақта бұл жерге  АҚШ-тың бірқатар ракеталық оқтұмсықтары орналастырылуы мүмкін» деп есептейді. Сондықтан да біржақты келісімге келуге құштар емес.

Бірақ соған қарамастан жапондықтар бұл мәселені жиі қозғауға мәжбүр. Осы аптаның бейсенбісі күні Ресей президенті Владимир Путин «келісімді қайта қарауға қатысты» өз ойын айтты.

–Бұл мәселе қосымша қайта қарауды талап етеді. Асығыстықтың керегі жоқ. Декларацияда «әсіресе аталған екі аралда қай елдің дербес басқару құқығы жүреді, ол нақты айтылмаған. Сондықтан көп нәрсе түсініксіз,–деп кекесінмен қараған.

Бірақ оған көнетін жапон жағы ма? Кеше жапон үкіметінің бас хатшысы бұған қатысты өз ойын айтты

–Мен Путиннің пікіріне түсініктеме бергім келмейді. Егер біздің талапқа сәйкес, Хабомаи мен  Шикотан аралдары қайтарылар болса, онда бұл өңірге бір ғана ел Жапонияның үстемдігі орнайды,–деп жауап берді.

Бірақ қалай айтқанда да, бұл мәселе бұрынғыдай емес, ашық айтыла бастады.  Келер жылдың басында Ресейге Синдзо Абэнің ресми сапары басталады. Куриль аралына қатысты мәселе де сол кезде қайта қозғалуы мүмкін. Оған дейін көп нәрсе талқыға түсетіні ақиқат. Ең басты мәселе, Ресей қозғаусыз жатқан аралдарды Жапонияға тегіннен - тегін қайтарып бере сала ма? Өз мүддесі үшін ештеңеден айрылмайтын және тайынбайтын Ресей бұл мәселеде қандай позиция ұстанады? Бұл жағын Путиннің командасы әлі ашып айтқан жоқ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір