• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:41:44
Алматы
+35°

16 Қараша, 2018 Тарих

ГУЛАГ тарихындағы тұтқындардың ең үлкен көтерілісі

Шілденің соңында №2 лагерде жазасын өтеп жатқан 1500 адам жұмысқа барудан бас тартты және КОКП Орталық комитеті өкілдері Речлагқа келуін талап етті.

1953 жылы рақымшылықтан кейін ГУЛАГ-тың көптеген лагерінде көтеріліс басталды. Реабилитация алмаған лагерлердің тұтқындары тұтқыннан босау үшін барлық амал қарастыруға ұмтыла бастайды. Сол жылы Речлагта ең үлкен көтеріліс орын алды. ГУЛАГ-тың басқа да жерлерде тәртіпсіздіктер көп болды. Ұсталғандар мен күзетшілер арасында қапияда көз жұмғандардың саны бірталай.

1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін ГУЛАГ-тың аймағында болған сталиндік қуғын-сүргін саясатының құрбандарының көбісі іс-әрекеттің уақыты келді деп шешті. Мәселен, 37 мыңға жуық тұтқындар болған Речлагта парақшалар таратылды. Парақшаларында жұмыстан шығу және көтерілістерді ұйымдастыру үшін бірігіп күш жұмсауға үндеу тастады. Осы уақытқа дейін барлық тұтқындар небір азап тартқан. Соның арқасында ГУЛАГ тұтқындарды жасамаған қылмысты мойындауға мәжбүрледі. Осыдан және лагерь қызметкерлердің қатыгездігінен әбден шаршап, сондай-ақ тұратын барақтардың адам төзгісіз жағдайына байланысты  ГУЛАГ-та отырғандар көтеріліске шығуға мәжбүр болды.

Көптеген шахта қызметкерлері көмір өндірісін тоқтатты. Олар арбаларда «Тұтқындырға бас бостандығын беру!» және «Көмір бермеңіз!» деп жазды. Шілденің соңында №2 лагерде жазасын өтеп жатқан 1500 адам жұмысқа барудан бас тартты және КОКП Орталық комитеті өкілдері Речлагқа келуін талап етті. Жұмысқа барудан бас тартқан сотталғандардың саны 3000-ға жеткенде ГУЛАГ басшысы оларға жаңа жеңілдіктерді енгізді.

Тұтқындардың жұмыс күні енді тоғыз сағат болды және олардың өз туыстарын көруге және оларменен хат алмасуға мүмкіндік пайда болды. Сотталғандардың айлығының көбеюіне және өз туыстарына ақшан аударуға мүмкіндік берілді. Бірақ бұл жеңілдіктер ГУЛАГ құрбандарына ауызына қақпақ бола алмады, олар күресін тоқтатпады. Көпшілігін жалған немесе өтірік айып бойынша сталиндік билік соттады. ГУЛАГ-тың тұтқындары белсенді әрекеттке көшті. Воркута лагерлерінің бірінде тұтқындар күзетшілерге шабуыл жасап, көтерілістің белсенділері болған 77 әріптесін түрмесінен босатты. Осы уақыт ішінде екі тұтқын жарақат алды, ал тағы екеуі қайтыс болды.

Воркутада ГУЛАГ-тың тәртіпсіздігі тамыз айының басында үдей түсті. Речлаг-тың бастығы Деревянко ереуілге қатысқысы келмейтін тұтқындарды босату керектігін айтты. Мұны 400 адам мақұлдады. Оларды босату үшін 50 күзетші мен сарбаз кірді, бірақ басқа ереуілшілер бұған қарсылық көрсетті. Олар қоршаудың сындырылған тақтайшалары арқылы сарбаздарды қуып шықты және лагердің қақпасына қарай кіре бастады.

Содан кейін төңкерісті басу үшін су қақпағы бар өрт сөндіргіш көлік келеді. Бірақ тұтқындар өрт сөндіру шлангін алып, жәбірленушілерге оны қолдануға мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар олар бес метрге жуық тыйым салынған қашықтыққа жақындайды. Ережеге сәйкес, ол "ГУЛАГ-тан құтылу әрекеті" деп саналды. Сотталғандарға қарсы пулемет бөлімшелері оқ атты. Ресми деректер бойынша  сотталған 135  адам жараланып, 53 адам қаза тапты.

Көтерілістің басында тұтқындар белгілі бір артықшылыққа ие болды. Бірақ олардың негізгі талаптары орындалмады. Олар Кеңес үкіметке қарсы саяси қылмыс жасағаны үшін айыпталған жүздеген ерлер мен әйелдердің істерін қайтадан қарауды талап етті. Ал 1953 жылдың қыркүйегінде  ғанеа олар осы мақсатқа қол жеткізе алды.

ГУЛАГ-тық көтерілістіің  басшыларының (барлығы 14 адам болды) тұтқындау мерзімін тағы 10 жылға ұзартты. Ауыр жұмыстқа ауыстырылған сотталғандардың саны шамамен 300 адамды құрады. 1954 жылы мамырда Речлаг ресми түрде жабылып, тұтқындар басқа лагерьле ауыстырылды.

 Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір