• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:07:13
Алматы
+35°

19 Қараша, 2018 Әлеумет

Желтоқсандықтар Сенатқа хат жазды: Неге біздің мемлекет желтоқсанның бағасын бермейді?

Айтпағым, осы желтоқсан көтерілісіне де 30 жылдан асып кетті. Бірақ әлі күнге өзінің тарихи және саяси бағасын (статус) алған жоқ.

Қазақстан Республикасы

Сенат депутаттарына

 

    Құрметті халық қалаулылары! Осы хатты өз атымнан және бүкіл Желтоқсандықтар атынан сіздерге жолдап отырмын.

    Әлемде 200-ден астам тәуелсіз мемлекеттер болса, солардың әрқайсысының тарихи өтпелі кезеңі бар. Соның ішінде біздің халқымызға да егемендікке қол жеткізу оңайға түскен жоқ. Қазақ даласында 300-ден астам үлкенді-кішілі көтерілістер мен бас көтерулер болған. Ал соның барлығына дерлік нүкте қойған Алматыдағы 1986 жылғы болған Желтоқсан көтерілісі болды. Содан бері Елбасымыз айтқандай: «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігіне» айналды. Бұған ешкім дау айта алмас деп ойлаймыз.

Кеңес өкіметі тұсындағы билікке қарсы келу түгілі, қарсы сөйлеуге ешкімнің дәті шыдамайтын. Сол бұғаудан босауға, елімізді бодандықтан құтқаруға қазақтың қаршадай ұл-қызы басын бәйгеге тікті. Қанша боздақ қыршын кетті. Бұған тарих куә, сіз бен біз куәміз.

    Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира, т.т. қанша бейкүнә жастар темір торға қамалып, қаншасы мүгедек болып қалды, кейбір ұл-қыздарымыз өмір бойы ата-ана болу бақытынан айырылды. Иә, бұл осындай қиындықпен келген тәуелсіздің еді.

    Керек десеңіз, Желтоқсан көтерілісі бізге ғана емес, кешегі Кеңес Одағы мемлекеттеріне де егемендік алып берді! Айтпағым, осы желтоқсан көтерілісіне де 30 жылдан асып кетті. Бірақ әлі күнге өзінің тарихи және саяси бағасын (статус) алған жоқ. Тарихи оқиғалардың араға уақыт тастап барып өз бағасын алып жататыны бар. Алайда қанмен келген тәуелсіздіктің ештеңе тәуелді болмай, шындықтың салтанат құрғанын қалаймын.

    2016 жылы Астана қаласында желтоқсанның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда өткен еді. Сонда 10-нан астам мемлекеттен ғалымдар,  саясаткерлер келді. Сол бүкіл басқа елден келген кісілер бір ауыздан Желтоқсанды көтеріліс деп мойындады. Сонда бүкіл әлем бағасын беріп отырған Желтоқсанның бағасын неге біздің мемлекет бермейді, мойындамайды.

Құрметті халық қалаулылары!

Сіздердің ұлтжандылықтарыңызбен адами қасиеттеріңізге сене отырып еліміздің заң шақырушы органның бірі деп, Желтоқсанның тарихи және саяси бағасын (статус) беруге атсалысады деп сенім артамын.

 Құрметпен Құдайшүкір Рахматуллаұлы Абдуллаев

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір