• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:06:15
Алматы
+35°

19 Қараша, 2018 Әлем

Әлемдегі ең мықты қылмыстық топтың басшысы, есіркі бароны Эктор Бельтран Лейва қайтыс болды. Бұл туралы Мексика Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы мәлім етті.

Жексенбі күні АҚШ-тағы «Альтиплано» түрмесінен  жедел-жәрдем арқылы жергілікті аурухана жеткізілген ол жүрек талмасынан қайтыс болды. Сөйтіп, ұзақ уақыт бойы Латын Америкасы аумағындағы елдер мен Америка құрлығын шулатқан есірткі мафиясының серкесі өмірден өтті.  

Атақты есірткі бароны Бельтран Лейва 2014 жылы ұсталғанымен, оны Мексиканың Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құқық қорғау органдарына тапсырғаны  белгілі. «Есірткі саудасына қатысы бар» делініп,  Америка абақтасында жазасын өтеп жатқан 56 жастағы азаматты дәрігерлер алайда құтқарып қала алмады.

Кезінде «Қортық» деген лақап есіммен  мұқым дүниеге аты мәлім болған Хоакин Гусман Лоэраның бандасында жұмыс істеген бес ағайынды жігіттер Альфредо, Эктор, Артуро, Марио және  Карлос артынан жасырын бөлек ұйым құрады. 2009 жылы қылмыс әлемінде аты шыққан ағайындыларға Мексика аумағында ешкім бетпе - бет келе алмайтын. 2009 жылдың аяғында Мексиканың Куэрнавака қаласындағы теңіз портындағы атыс кезінде  бандиттік топтың басшысы Артуро Бельтран Лейва қайтыс болады.  Ағайынды жігіттің тағы біреуі ұсталып, абақтыға қамалады.

Құқық қорғау органдарына бандиттік топтың басшысын ұстау өте қиынға соқты. Мексика аумағында жасырын жағдайда Артуро Лейваның 49 мың жалдамалы жендеті жасырын жағдайда жұмыс істеді. Артуро Лейва әлемдегі  ең қауіпті 24 қылмыстық  топтың басында тұрды. Мексика билігі оның басына  2,1 миллион доллар ақша тікті. Артуро Лейваның үйін 200 солдат қоршап, атыс кезінде ол оққа ұшты.

Мұнан кейін қылмыстық топтың басына жексенбі күні жүрек талмасынан қайтыс болған Эктор Бельтран Лейва келді.  Ол асқан қатыгездігімен көзге түсті. Кедергі жасаған адамдардың барлығын оның жендеттері атып кететін. Сондықтан оның тобымен ілінісуге ешкімнің жүрегі дауаламады.  

Эктор Бельтран Лейва Оңтүстік және Орталық Америкадан АҚШ-қа героин,  кокаин, марихуана және метамфетамин және тағы басқа есірткі заттарын тасыды, оны қайтадан Еуропа құрлығына жеткізумен айналысты. Ұзақ уақыт бойы оның қайда екенін ешкім білмеді. Бірақ Еуропа мен Америка құрлығында Бельтран Лейваның «көлеңкелі бизнесі» бұрын-соңды болмаған деңгейде өркен жайды. Американың бас прокуроры тарапынан оған   29 айып тағылды және қамауға алу туралы үш рет ордер берілді. АҚШ мемлекеттік департаменті оны ұстап берген адамға 5 миллион доллар беруге уәде етті.

Ақыры ол Мексикадағы мейманханалардың бірінде тамақ ішіп отырған жерінен ұсталып, АҚШ-тың құық қорғау органдарына берілді. Енді міне есірткі бароны ауруханаға жетпей өмірден өтті. Алайда оның бандасы әлемде әлі жұмыс істеп жатыр.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір