• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:00:44
Алматы
+12°

05 Қараша, 2018 IT

«Цифрлық Қазақстанның» негізгі мақсаты - өмір сапасын жақсарту

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының еңнегізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту.

2017 жылдың 12 желтоқсанында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған болатын.  Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айрықша атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстанды» ерекше атап өтуінің өз жөні бар. Себебі қазіргі таңда IT саласы дүниежүзі бойынша айрықша сұранысқа ие. Оның ішінде ақпараттық технологиялардың қарышты қадаммен жетіліп, күн санап дамып жатқан қазіргі заманда оны қолға алмасақ, дамытпасақ, дамыған, өркениетті отыз елдің қатарына ену Қазақстан үшін орындалмас жай арман болып қалары белгілі. Себебі, экономикасы, әлеуеті дамыған өркениетті, дамыған елдердің барлығы дерлік  сандық жүйеге ойысып, өнеркәсібінің дамуына және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Қазақстанда үшінші жаңғырудың бастау алатыны ресми түрде жарияланды. Бұл дегеніміз Қазақстанда үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы қажет. Бұл ретте IT саласына ерекше басымдық беріледі.

«...Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.

Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын...»,-делінген Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында.

Осылайша, маусымда Қазақстан Республикасы ақпарат және байланыс министрлігі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Үкіметке енгізеді. Бұл туралы аталған ведомство басшысы Дәурен Абаев кеше Мәжіліс депутаттарының алдында баяндаған болатын.

Жалпы алып қарасақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының еңнегізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын сексен процентке дейін артып отыр және Қазақстан Республикасы тұрғындарынң тоқсан бес пайызын цифрлық xабар таратумен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтардың цифрлық сауаттылығын сексен пайызға дейін арттыру жоспарда бар.

Сонымен бірге, тек 2017 жылдың өзінде “Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасында 244 радио және телевизиялық станция салынатын болды. Жүзеге асқан жобалардың көптеген бөлігі мемлекеттік және жекменшік серіктестігі аясында іске асады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізі 2016 жылы «Зерде» ұлттық холдингінің базасында дайындалғанын еске саламыз. «Зерде» Холдингінің төрайымы Әсел Жиенбаеваның мәліметіне сәйкес, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы IT саласын ғана емес, Қазақстан қоғамындағы көптеген басқа салаларды өркендетуге арналған.

«Біз Жалпы ішкі өнімдегі IT-секторының үлесін екі жыл ішінде, яғни  2020 жылға дейін бес пайызға жеткізуді мақсат тұтып отыр. Сонымен бірге, IT саласында жүз елу мың бос жұмыс орнын ұсынады. Аталған саладағы еңбек өнімділігі отыз жеті пайызды болады. Қазақстан Республикасы халқының цифрлық сауаттылығын сексен пайызға дейін жеткізу жоспарда бар», - дейді «Зерде» Холдингінің төрайымы Әсел Жиенбаева.

«Зерде» Холдингінің төрайымы Әсел Жиенбаева айтқан мәліметке сәйкес, жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикасын бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Жоба басты төрт бағыт аясында іске асатын болатын. Оның әрқайсысына тоқталып, талдап көрелік.

Бірінші бағыт – ауылды аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жоспары тұр, Қазақстан Республикасының транзиттік жағдайын арттыру.

Екінші бағыт –  Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі саласына цифрлық технологияны ендіру. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқтап өтелік. Олар - көлік және логистика саласы, денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы, ауыл шаруашылығы мен электронды сауда саласын дамыту.

Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жұмысының сапасын жақсарту және Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы ету.

Төртінші бағыт – IT-секторындағы білікті мамандарды дайындау.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «2050 Стратегиясы», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» сияқты маңызы зор құжаттарда тасқа жазған таңбадай көрсетілген мақсат-міндеттерді іске асыруға басымдық беретін қосымша күш болады», - дейді «Зерде» ұлттық холдингінің басқарма төрайымы Әсел Жиенбаева.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологияларды мемлекеттік жүйеге ендіру, сәйкестендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын-ақ нәтижелі бастау алғанын айтып өткен жөн. Осы он жылдың ішінде Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады. Мәселен, қазіргі таңда eGov системасы электронды жүйеге ауысты. Қазақстанда онлайн сауда нарығы дамып келеді. Қазақстан халқының басым бөлігі цифрлы сауатты. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ түрлі операцияларды жасай алады. Бұрындары кезекте тұрып, уақытта сарп етіп, арнайы мекемеге бару керек болса, қазір Қазақстан халқы төлемді де, оның ішінде салық, айыппұл төлеу, коммуналды қызметтерді жасау секілді тағы да басқа түлі операцияны орындай алады.

Кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі, тіпті шалғай ауыл-аймақтарда интернетке қолжетімділігін арттыру. Қазақстан Республикасы бойынша орта білім беру мекемелерінде интерактивті тақта орнату, компьютермен жабдықтау қолға алынды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған жүйенің жұмысы одан әркез жетілдіріліп отырады.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасау барысында көптеген өркениетті, дамыған елдердің тәжірибесі қолданылды. Олар - цифрлық технологияны іске асыру жолында толағай жетістіктерге қолжеткен Австрия, Дания, Аустралия, Канада мен Сингапур секілді елдерді мысалға келтіруге болады.  Мысал, Австрия астанасы Вена қаласында қалалық қаржылық бюджетті дайындауда жоспарлаудың «цифрлық» принципі пайдаланылады. Соның нәтижесінде, Австрия астанасы Вена қаласының бюджетіндегі қаржының  жыл сайын екі миллион еуросын үнемдеуге көмектеседі екен. Ал, Америка Құрама Штаттарындағы Бостонда коммуналды қызмет түрлерін бақылауға арнайы мобильді қосымша бар. Ол қолданысқа енгізілгелі бері Қазақстан Республикасы тұрғындарының шағымы алпыс алты пайызға бірден қысқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір