• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Қыркүйек, 16:43:04
Латын әліпбиіне көшу мәселелері семинар-кеңесте сөз болды

17 Қараша, 2018 IT

Жылда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жетілдіріліп отыр

Алматы қаласында "Болашақтың экономикасы: Қазақстанның қаржы нарығындағы цифрлық трансформация" атты конференция болып өтті.

Қазақстанда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қазақстан дамыған, өркениетті 30 елдің қатарына кіру үшін интернетке қол жетімділігін арттыру, IT мамандарын даярлау, халыққа қызмет көрсететін мекемелерді онлайн жүйеге көшіру, яғни түрлі операцияларды жасау үшін бұрынғыдай ұзын-сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ. Адамдар үйде отырып-ақ коммуналды қызмет ақысын, айыппұлды төлеу алады. Халыққа қызмет көрсету орындарындағы түрлі операцияларды үйіндегі компьютерде отырып-ақ орындай алады. Жыл сайын «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жетілдіріліп отыр. Барлық саланы цифрландыру үшін түрлі шаралар атқарылып жатыр.

Алматы қаласында "Болашақтың экономикасы: Қазақстанның қаржы нарығындағы цифрлық трансформация" атты конференция болып өтті. Онда микроқаржы ұйымдарын дамыту, оларды цифрлық жүйеге көшіру мәселесі қызу талқыланды.

Алматы қаласында өткен пресс-конференцияда “Подпиши. Онлайн” сервисінің бас директоры Олжас Құндақбаев, қазіргі таңда Қазақстанда “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдармасы аясында қаржы жүйесін белсенді түрде траснформациялауға ауысқанын жеткізді.

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен мемлекеттік қаржы құрылымдары цифрлық жүйеге көшуге арналған шешімдерді енгізу амалдары қарастырылуда», - деді Алматы қаласында өткен “Болашақтың экономикасы: Қазақстанның қаржы нарығындағы цифрлық трансформация” атты конференцияда “Подпиши. Онлайн” сервисінің бас директоры Олжас Құндақбаев.

Баспасөз-мәслихатында микроқаржы ұйымдарын жетілдіру, микроқаржы ұйымдарын цифрлық жүйеге ауыстыру мен қауіпсіздік мәселесі, сонымен бірге, қаржы қызметтерін тұтынушылар мүддесіне арналған заманауи шешімдерді кірістіру мәселелері талқыланды.

“Құжат алмасуды цифрлық жүйеге көшіру үшін бұлтты шешімдер дайын, енді оларды мемлекеттік деңгейде енгізу әдістерін аяқтау қажет. Оның жолы мемлекеттік қаржы құрылымдарымен және ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып жасалып жатыр”, – деді “Подпиши. Онлайн” сервисінің бас директоры Олжас Құндақбаев.

Алматыда өткен "Болашақтың экономикасы: Қазақстанның қаржы нарығындағы цифрлық трансформация" атты конференцияда Қазақстан Республикасы мен түрлі елдің спикерлері қаржы жүйесінің қазіргі таңдағы цифрландыру үрдісінің болашағы турасында болжамдарын жариялады.

“Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдары саласы – сәтті өркендеп келе жатқан қаржы институты, Қазақстан ішіндегі әртүрлі сауалдар мен ғаламдық өзгеріске өте тез жауап беру мүмкіндігіне ие болып отыр. Әрине, “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мен оның алға жылжытуда дәл осы микроқаржы ұйымдары көш бастап келеді”, – деді Solva МҚҰ бас директоры Марат Бекжанов.

ID Finance қаржы технологиясы тобының бас директоры және негізін қалаушы құрылтайшыларының бірі Борис Батиннің мәліметіне сәйкес, шетелдік үрдіс бойынша несие өнімі көлемінің басым бөлігі оnline түрде жүзеге асады.

“Қазақстан Республикасындағы банктер де осы бағытта белсенділік танытып, тұтынушыларға барынша сәтті өнім ұсыну үшін технологияларға инвестиция құйып отыр. Түбінде мұның барлығы банктік процеске адамның келуін, яғни банк бөлімшелеріне клиенттің өзі келуін азайтады. Дегенмен бұл технологияларды банк ұйымдары емес, ID Finance сынды мекемелер енгізіп отыр”, – дейді ID Finance қаржы технологиясы тобының бас директоры және негізін қалаушы құрылтайшыларының бірі Борис Батин.

Цифрлық жүйеге көшу салаға инвесторларды қызықтыруға жақсы әсер етеді. Mintos  инвестициялық платформасының өкілі, Латвия елінің тұрғының Петерис Микельсон Қазақстан Республикасы шетелдік капиталға арналған қаржы нарығының тартымдылығы мен сыйымдылығы жайында жақсы ой айтты және Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдарымен серіктестік орнату туралы жоспары бар екенін де айтып өтті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір