• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:10:08
Алматы
+12°

22 Қараша, 2018 Әлеумет

"Бомба қойылды" деген хабарды естіген журналистің әрекеті жұртты тәнті етті

Желіде Гүлвира ханым "жанкешті журналист", "батыр журналист" атанып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Гүлвира Биғалиева - Ретро FM радиосында хабар жүргізушісі. Радио орналасқан ғимаратқа "бомба қойылды" деген ақпаратты естісе де, Гүлвира жұмыс үстелін тастап, ат-тонын ала қашқан жоқ. Халыққа маңызды жаңалықты жеткізуге асықты. 

♦КТК редакциясына бомба қойылғандығы туралы қоңырау түсті

"Бізде бүгін масқара күн болды. "Сағат түскі 13:00-ге қарай КТК, НТК, Еуразия арналарының ғимаратына бомба қойылған" деген ақпарат түскен кезде, полиция бүкіл қызметкерлерді сыртқа қуалады. Қалпағымды киіп мен де сыртқа қарай қашып бара жатсам, 13:00-ге бес минут қалыпты. Сасқанымнан Ретродағы эфиріме қарай қайта жүгірдім. Эфирге келіп отырып жатсам, "не, өлейін деп пе едің, шық деймін деп" "Ретроға" да полиция кіріп келді. "Бес минут қалды, тығыз жаңалықтарымды айта салайыншы" дедім де, полицейдің аузынан естіген ақпаратымды жедел эфирге шығардым. Басымдағы бас киімімді жаңалықты оқып біткен соң байқадым. Қашып бара жатып жаңалық оқыған жақсы екен. Оқып біткен соң бəрібір мені қуалап шықты. Бəрімізді құдай сақтасын. Тырқылдап қашқан, не деген жаман", - деп төтенше жағдай барысындағы эмоциясымен бөлісті журналист Гүлвира Биғалиева. 

Гүлвира ханымның бұл әрекеті әріптестері тарапынан үлкен құрметке ие болды. Желіде ол "жанкешті журналист", "батыр журналист" атанып, көпшіліктің ризашылығына бөленді. 

♦Бомба жайлы ақпараттың астарында журналистерге қарсы қастандықтың болуы мүмкін бе?

2006 жылдың 5 маусымында "Айқын" және "Литер" газеттері орналасқан ғимарат та өртке оранғанынан жұртшылық хабардар. Барлық қызметкерлер сыртқа жүгіргенде,, "Айқынның" сол кездегі журналистері Телжан Күдеров және Мақсат Әділхан өрт болып жатқан ғимаратқа қайта кіріп кетеді. Сондағы мақсаттары - газеттің маңызды мәліметтер базасын аман алып қалу еді. Бұл туралы редакцияда қызмет атқарған журналист Берік Бейсенұлы бізге әңгімелеп берді.

Өз өмірінен жұмысын бірінші орынға қоятын, қызметіне адал журналистер кемде-кем. Халыққа қызмет етуді мақсат тұтқан мұндай мамандар қашан да зор алғысқа, құрметке лайық.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір